Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту

«Өлкетану. Экология. Туризм» тақырыбында аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының өлкетану, экология және туризм бағыттары бойынша жұмыс жүргізетін білім қызметкерлеріне арналған облыстық тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.

2021 жылдың 18 тамыз күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының өлкетану, экология және туризм бағыттары бойынша жұмыс жүргізетін білім қызметкерлеріне арналған «Өлкетану. Экология. Туризм» тақырыбында облыстық тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.

Іс-шараның мақсаты –      білім беру ұйымдарының өлкетану, экология және туризм бағыттары бойынша жұмыс жүргізетін педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу.

Облыстық секция отырысына облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, өлкетану, экология және туризм бағыттары бойынша жұмыс жүргізетін 278 педагог қатысты.

Секция отырысында «Өлкетану», «Туған өлке тарихы» курстарының мақсаты мен міндеттері, білім алушылардың өлкетанулық құзыреттілігін қалыптастырудың негізгі аспектілері, оқушылардың танымдық құзыреттіліктерін дамытудағы экскурсиялардың маңызы,  мектептегі экологиялық білім мен тәрбие беру бағыттары, өскелең ұрпақты туризмге баулудың негізгі мәселелері туралы ақпарат пен әдістемелік  ұсынымдар берілді.

«Жалпы орта білім беру мекемелерінде  тарих пәнін оқытудың ерекшеліктері мен міндеттері» тақырыбында аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.

2021 жылдың 18 тамыз күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған «Жалпы орта білім беру мекемелерінде  тарих пәнін оқытудың ерекшеліктері мен міндеттері»  тақырыбында облыстық тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.

Іс-шараның мақсаты – тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу.

Облыстық секция отырысына облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, тарих пәні мұғалімдері, барлығы 263 педагог қатысты.

Секция отырысында 2021-2022 оқу жылында нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, оқу бағдарламалары, тарих пәнін оқытудың ерекшеліктері мен міндеттері, пәнді оқытуда өз бетінше іздену жұмыстары,  тарих сабақтарында пәндік құзыреттіліктерді дамыту  туралы ақпарат пен әдістемелік  ұсынымдар берілді.

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ТАМЫЗ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2021 жылдың  18 тамызында   Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен                        «Білім беру сапасын арттыру бағытындағы негізгі басымдықтар арқылы оқу-тәрбие процесін дамыту» тақырыбында білім беру ұйымдарының басшыларына арналған  облыстық  секциялық отырыс өтті.

Секциялық отырысқа  Абай атындағы  ҚазҰПУ-нің біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығының директоры Семченко Александр Александрович,  М.Х. Дулати  атындағы Тараз өңірлік университетінің «Педагогика» кафедрасының  меңгерушісі, педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор Бузаубакова Клара Джайдарбекқызы, Ұлттық Ustaz-онлайн академиясының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Курганбаева Гульмира Аманжолқызы,  Тараз қаласындағы  НЗМ  «ДББҰ» педагогикалық  шеберлік орталығының директоры Нарегеева Агура Маарбанқызы және аудандар мен Тараз қаласының әдістемелік кабинет меңгерушілері, мектеп директорлары, директорлардың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары барлығы 300 адам қатысты.

            Тамыз кеңесінің секциялық отырысының барысында  оқу-тәрбие процесін  ұйымдастырудың  2021-2022  оқу жылындағы  ерекшеліктері туралы, қызметкерлерді  басқару жүйесін жетілдіру,  жоғары оқу орындары мен мектеп арасында сапалы  ынтымақтастық  жүйесін құру,   бүгінгі күннің өзекті мәселесі - әріптестік ынтымақтастық, коллабарация, қазақстандық мектептің жаңа моделі, Z Ұрпағы, білім беру жүйесінің жаңа талаптары, жаңа оқу жылының негізгі басымдықтары мен даму жолдары,  білім сапасын арттыру бағытындағы  перспективті жобалары туалымәселелер айтылып,                 іс-тәжірибелер таратылды.

Секциялық  отырыста  қатысушыларға оқу-тәрбие процесін жүйелі ұйымдастырудың тиімді жолдары бойынша   тұжырымды, идеялар ұсынылып,  ақпараттық-әдістемелік  көмектер көрсетілді.

Облыстық тамыз кеңесі аясында бастауыш сынып мұғалімдерінің секциялық отырысы өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы және «Өрлеу» БАҰО  АҚ филиалымен бірлесе отырып, 2021 жылдың                           18 тамызында «Жалпы білім беретін мектептерде бастауыш білім берудің жайы мен 2021-2022 оқу жылындағы  міндеттері» тақырыбында  жалпы білім беретін мектептердің  бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған  секциялық отырысы өтті. Zoom бейнебайланыс режимі арқылы өткен іс-шараға   268  педагог қатысты.

 Іс-шара барысында қатысушылар  2021-2022 оқу жылында білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері, төңкерілген сынып моделін оқыту процесіне ендірудің әдістемелік ерекшеліктері мен тиімділігі, бастауыш  білім беру сатысында функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары,  шектеу шараларына байланысты оқушылардың білімінде туындаған олқылықтардың орнын толықтыру бойынша тәжірибе алмасты.  

Облыстық тамыз кеңесі аясында білім беру ұйымдарының ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне арналған секция отырысы өтті

            Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 17 тамыз күні аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне «Жалпы білім беретін мектептерде ағылшын тілі пәнін оқытудың жайы және жаңа оқу жылындағы міндеттер» атты тамыз педагогикалық кеңесінің секция отырысы өтті. 

          Секция отырысында «2021-2022 оқу жылында жалпы орта білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Эссе жазудың негізгі талаптары талқыланды. Тәжірибелі педагогтер желілік қауымдастықта ағылшын тілі сабағын тиімді ұйымдастыру жолдарын ұсынды. Пәнді оқытуда заманауи технологияларды енгізудің ерекшеліктерін таныстырып, тәжірибе алмасу үшін мұғалімдердің диалогтік алаңы құрылды.

          Аталған іс-шараға барлығы 243 педагог қатысты.