2022 жылдың 13 қазан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының шығармашылық зертханасы жобасы аясында шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтардың озық іс-тәжірибелерін тарату мақсатында «Құндылықтарға бағытталған тәрбие қызметін ұйымдастырудың тиімділігін арттыру» тақырыбында облыстық шеберлік сынып (zoom бейнебайланыс режимінде) өткізілді. Аталған іс-шараға барлығы 300 педагог қатысты.
Іс-шара барысында Сарысу ауданы білім бөлімінің әдіскері Б.Бетаеваның, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Сыздықованың «Құндылықтарға бағытталған тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдары», Абай атындағы орта мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.Тусипованың «Оқуға құштар мектеп» жобасының жүзеге асырылуы, Үшбас орта мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Рысдаулетовтың «Отбасы құндылықтарын жүзеге асыру мақсатында атқарылатын «Отбасы орта мектеп» жобасының маңызы, Әйтеке би атындағы орта мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Бүркітбаеваның «Адамгершілік құндылықтардың әдістемелік жолдары» тақырыптарында шеберлік сыныптар көрсетіліп және озық іс-тәжірибелерімен ой бөлісті, қатысушылар тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен үйлестіру бойынша әдістемелік көмектер алды.