Ыбырай Алтынсарин атындағы ҰБА-ның ғылыми қызметкерлерінің қатысуымен «2021-2022 оқу жылының және Үлгілік оқу жоспарларының ерекшеліктері» атты облыстық онлайн семинар өтті
2021 жылдың 25 тамызында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарларына оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға әдістемелік көмек беру мақсатында «2021-2022 оқу жылының және Үлгілік оқу жоспарларының ерекшеліктері» атты облыстық онлайн семинар өтті.
Облыстық онлайн семинар жұмысына Ыбырай Алтынсарин атындағы ҰБА-ның жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.к. Жұмағұлова Зәуре Әбдікенқызы, аудандар мен Тараз қаласының әдістемелік кабинет меңгерушілері, мектеп директорлары, директорлардың орынбасарлары, барлығы 639 адам қатысты.
Семинар барысында Ыбырай Алтынсарин атындағы ҰБА-ның жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.к. Жұмағұлова Зәуре Әбдікенқызы білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін сапалы ұйымдастыру үшін басшылыққа алынатын «Орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері», және «Үлгілік оқу жоспарларының ерекшеліктері» тақырыптарында мазмұнды баяндама жасап, қатысушылар тарапынан туындаған сауалдарға жан-жақты түсініктеме, нақты жауаптар берілді.
Сондай-ақ семинар барысында биылғы оқу жылында оқу процесінде екі Үлгілік оқу жоспары қолданылатыны («ҚР-ғы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2021 жылғы 26 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген (төмендетілген оқу жүктемесінде; ҚР БҒМ 2021 жылғы 20 тамыздағы №415 бұйрығымен бекітілген (жаңартылған мазмұнының) үлгілік оқу жоспарлары) түсіндіріліп, оқу жүктемесіндегі биылғы басты ерекшеліктер бойынша мектеп басшыларына ақпараттық-әдістемелік көмектер берілді.