«Әулиеатадағы Ұлы Жеңіс: батыр жерлестеріміздің ерлігі мен айбыны» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті
2021 жылдың 6 мамыр күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Әулиеатадағы Ұлы Жеңіс: батыр жерлестеріміздің ерлігі мен айбыны» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – Ұлы Жеңісті жақындатқан қазақстандық және өлке жауынгерлерінің ерлігі мен қайсарлығын насихаттау, тәжірибе алмасу.
Іс-шарада М.Х.Дулати атындағы Тараз қаласы «Ерлік» мемориалдық кешеніндегі «Даңқ» залының ғылыми қызметкері Қ.Демешев «Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақтан шыққан батырлар» тақырыбында экскурсия жасап, жәдігерлер негізінде батырлар өміріне қатысты деректермен бөлісті. Облыстың ардагер ұстазы, өлкетанушы Б.Әлиев «Жамбыл облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында» тақырыбында, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Р.Тобаджанов «Ақәділ Суханбаевтың ерлігі және оның қазіргі таңда насихатталуы» тақырыптарында баяндамалар жасаса, Меркі ауданы №44 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Л.Киер «Воспитание патриотизма учащихся на примерах подвигов героев Великой Отечественной войны» тақырыбында өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті.
Дөңгелек үстел барысында қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі, есімдері тарих беттеріне жазылған даңқты батырларымыз туралы ғалымдардың пайымдары, дереккөздер, тың деректер айтылды.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 11 әдіскер, 160 тарих пәнінің мұғалімі, барлығы 171 педагог қатысты.