БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«Қысқы мектеп» жобасы аясында математика пәнінің мұғалімдеріне  онлайн режимінде шеберлік сынып өтті

           2021 жылдың  15 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM бейнебайланыс режимінде облыстық  дарынды балаларға арналған  мамандандырылған  «Дарын» мектеп-интернатының тәжірибелі  мұғалімдері  «Тестирование на уроках математики, эффективный способ оценивания при дистанционного обучений»,       «Әр түрлі деңгейдегі есептердің  шығару жолдары»   тақырыптарында математика пәнінің    мұғалімдеріне арналған онлайн  режимінде шеберлік  сынып өтті.

          Іс-шара барысында математика сабағында  әр түрлі деңгейдегі есептер мен олимпиадалық есептерді  шығару, шешу, талдау жолдарының тиімді әдіс-тәсілдерін , Online Test Pad  платформасы арқылы   БЖБ,ТЖБ тест тапсырмаларын  құрастырудың  түрлі  жолдарын көрсетіп,  іс- тәжірибесімен бөлісті.

Аталған іс-шараға облыстың 162 математика пәнінің мұғалімдері қатысты.

«Жаңа емледегі жаңалықтар:Ұсыныс. Тәжірибе. Нәтиже» тақырыбында облыстық онлайн кеңес өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021 жылдың 15 қаңтарында А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор Құралай Күдеринованың  қатысуымен    қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия мақұлдаған жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емле ережесін (әріптердің емлесі, түбір сөздердің емлесі, қосымшалардың жалғануы, бөлек жазылатын сөздердің емлесі, бірге жазылатын сөздердің емлесі, дефиспен жазылатын сөздердің емлесі, бас әріптің емлесі,  қысқарған сөздердің емлесі, кірме сөздердің емлесі, сөздердің тасымалдануы) қолданудың тиімді жолдарын меңгеру мақсатында облыстық онлайн кеңес өтті.

Іс-шара барысында жаңа жазуды үйрену барысында диакритикалық таңбасы бар төл әріптердің графикалық сұлбасын санаға мықтап орнату қажеттігі, айтылмайтын және сөз мағынасына әсер етпейтін қосар дыбыстар түсіріліп отыратындығы, я, ю әріптері йа, йу түрінде және ъ, ь, е, э, щ, ц әріптері бар шеттілдік сөздерді тіліміздің айтылым заңына сай жазылатындығы туралы айтылды.

«Жаңа емледегі жаңалықтар:Ұсыныс. Тәжірибе. Нәтиже» тақырыбында облыстық онлайн кеңеске аудандық (қалалық) білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты білім мекемелерінен 298 мұғалім қатысты.

 

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 12 ақпанында «Мектептің инновациялық жұмысын жетілдіру жолдары» атты облыстық оқу-тәжірибелік семинар өтті. Семинарға 205 білім беру ұйымдары директорларының  ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Семинар барысында  мектептегі әдістемелік қызмет сапасын арттыруда инновациялық үрдістерді жүзеге асыруға бағыт-бағдар беріліп, инновациялық жобалар туралы кеңес берілді. Инновациялық жобалардың нәтижеге бағытталуы мен мектеп дамуындағы рөлі, көрсеткіштерге қол жеткізудің тиімді тәсілдері туралы ақпараттық-әдістемелік, тәжірибелік түсіндіру  жүргізілді.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының негізін қалаушысы Сара Алпысқызы Назарбаеваның 80 жас мерей тойына орай облысымыздың мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 2021 жылдың 1-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану – махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы онкүндік аясындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес ашық сабақтар, жобалық жұмыстар,  фестивальдер, кітап көрмелері, конкурстар, акциялар, челлендждер және т.б. өткізілуде.

Аталған  іс-шаралар барысында тәрбиеленушілер, білім алушылар мен студенттерге Сара Алпысқызының Сүйіспеншілікке, Даналыққа және Адамгершілікке толы ой-пікірлері мен ізгі ниеттері насихатталды.

«Мейірімді жандар» атты облыстық сырттай фестиваль өткізілуде

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 12 ақпан күні «Өзін-өзі тану» пәнінің он күндіктері аясында Назарбаева Сара Алпысқызының 80 жасына орай «Мейірімді жандар» атты сырттай облыстық фестиваль өткізілуде.

«Өзін-өзі тану» пәні педагогтарының рухани-адамгершілік, ізгілік қасиеттерін және әлеуметтік-мәдени тәжірибесін насихаттау мақсатында өткізіліп жатқан іс-шараға облыс педагогтары қатысуда.

Фестиваль аясында «Өзін-өзі тану» пәні педагогтарының шеберліктері, дағдылары және  шығармашылықтарының сан қырлы мүмкіндіктері көрініс табуда.