Облыстық онлайн вебинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 12 наурыз күні аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған «Педагогтің әдістемелік қызметі және педагогтерді әдістемелік қолдау» тақырыбында zoom бейнебайланыс режимінде облыстық онлайн вебинар өтті.
Іс-шара барысында әдістемелік іс-әрекеттің мәнін терең түсіндіру, педагогтердің инновациялық іс-әрекетін жоспарлау және іс-әрекетті тиімді ұйымдастыру ерекшеліктері жайлы толық мағлұмат алып, электронды дидактикалық таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.
Аталған іс-шараға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің жауапты 18 әдіскері қамтылды.