БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«Тарих сабақтарын тиімді жоспарлау» тақырыбында облыстық вебинар өтті

2021 жылдың  9 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Ауыл мектебі» жобасы аясында Байзақ ауданы Н.Ақшабаев атындағы орта мектебі, Жамбыл ауданы Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Тарих сабақтарын тиімді жоспарлау» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету.

Вебинар барысында педагогтарға тарих пәні сабақтарын тиімді жоспарлау, үшінші және төртінші тоқсандардағы БЖБ және ТЖБ өткізу, қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау, бағалау қағидаттары, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін құрастыру  бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, дидактикалық материалдар таратылды.

Іс-шараға Байзақ ауданы мен Жамбыл ауданы мектептерінен 16  педагог қатысты.

ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР ӨТТІ

         2021 жылдың 9 ақпанында Жамбыл облысы әкімдігі білім    басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  мектеп  директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Білім сапасын арттырудың негізі – нәтижеге бағытталған білім»                       (ҰБТ: өзгерістер мен ерекшеліктер) тақырыбында облыстық тәжірибе алмасу вебинары өтті.

          Облыстық вебинарға аудандар мен Тараз қаласының білім беру ұйымдары директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, барлығы 312  адам қатысты.

          Вебинар барысында оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде көрсетілген жалпы орта білім беру мақсаттарының жүйесіне қол жеткізу арқылы оқу-тәрбие процесінің сапасын арттырудың негізгі бағыттары, білім беру процесінің мазмұндық негізін айқындайтын білім берудің құндылықтары мен оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесінің өзара байланыстылығы сондай-ақ, биылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің ең басты ерекшеліктері, міндетті және бейіндік пәндердің тапсырмалар санының өзгеруі және бейіндік пәндерге контекст негізіндегі тест тапсырмаларының қосылуы және басқада ҰБТ өткізудің өзгешеліктері мен ерекшеліктері туралы мазмұнды ақпараттар беріліп, қатысушыларға ақпараттық-әдістемелік көмектер көрсетілді.

«Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру бойынша кітапханалық іс-шараларды өткізудің тиімді формалары мен әдістері» тақырыбында   облыстық вебинар өтті

2021 жылдың 8 ақпан   күні  облыстық  оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен   аудандық, Тараз қалалық  білім бөлімдерінің әдіскерлері мен жалпы орта білім беретін мектептің кітапхана қызметкерлеріне арналған «Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру бойынша кітапханалық іс-шараларды өткізудің тиімді формалары мен әдістері»    тақырыбында    вебинар  өтті.

Іс шараның мақсаты - кітапхана қызметкерлерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу.

Вебинар барысында Тараз қаласы  №32 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Б.Сұлтанова  «Оқуға құштар мектеп» негізінде оқушыларды кітап оқуға насихаттаудың заманауи формалары»,  №16 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі А.Туменбаева  «Кітапханадағы  жаңа шығармашылық идеялар және бірлесіп оқуды ілгерілету мүмкіндіктері»,  Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің кітапхана меңгерушісі  К.Мулдыева  «Кітапхана онлайн: МДБАМ кітапханасының жұмыс тәжірибесі» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

          Аталған іс-шараға аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен 205 білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлері қатысты. 

«Қысқы мектеп» жобасы аясында математика пәнінің мұғалімдеріне  онлайн режимінде шеберлік сынып өтті

           2021 жылдың  8 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM бейнебайланыс режимінде облыстық  дарынды балаларға арналған  мамандандырылған  «Дарын» мектеп-интернатының    мұғалімі   Қиялбеков  Нариман  Мәлікұлы  «Оқушылардың математика  пәніне қызығушылығын  арттыруға  инновациялық  әдіс-тәсілдер қолдану» тақырыбында математика пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн  режимінде шеберлік  сынып өтті.

          Іс-шара барысында  оқушылардың  математика пәніне қызығушылығын арттыру мақсатында,  инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудың  түрлі  тиімді  жолдарын     көрсетті, өз тәжірибесімен бөлісті.

Аталған іс-шараға облыстың 120 математика пәнінің мұғалімдері қатысты.

«Қашықтықтан оқыту  жағдайында  тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру»  тақырыбында  онлайн  режимінде облыстық  вебинар өтті

2021 жылдың 5 ақпан  күні директордың  тәрбие  ісі   жөніндегі  орынбасарларына,  сынып жетекшілерге  арналған  «Қашықтықтан оқыту  жағдайында  тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында  онлайн  режимінде  облыстық   вебинар өтті.  Аталған іс-шараға барлығы  157  педагог  қатысты.  

Вебинарға қатысушылар тәрбиенің басым бағыттары бойынша жүргізілетін  жұмыстарды  ұйымдастыру  бойынша  әдістемелік көмектер  алды, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе  алмасты  және таратпалы материалдармен  қамтамасыз  етілді.