«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсы: теория және тәжірибе» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті
2021 жылдың 24 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен әдіскерлер мен «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсынан сабақ беретін мұғалімдерге арналған «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсы: теория және тәжірибе» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Іс-шараның мақсаты – «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсы мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу.
Іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Дінтану орталығының» бас маманы, дінтанушы Б.Алпысбаев, Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы Е.Жақыпов, инспектор Б.Бекмолдаев қатысты.
Облыстық семинар-практикум барысында педагогтарға «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын оқытудың ерекшеліктері, дін саласындағы саясат, мемлекеттегі тыйым салынған деструктивті ағымдар мен олардың белгілері, курсты жүргізу барысында рұқсат етілген сандық ресурстар, әлеуметтік желілердегі дінге байланысты ақпараттарды талдау жұмыстары, талдамалық интернет картамен жұмыс бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. Курсты жүргізуде өздерінің іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтар ақпараттық дайджестер мен панорамалық сабақтар көрсетіп, дидактикалық материалдар таратылды. Семинар-практикум педагогтардың өзара тәжірибе алмасуына ықпал етті.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 11 әдіскер, 167 «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсының мұғалімі, барлығы 178 педагог қатысты.