«Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалымен бірлесе отырып, 2020-2021 оқу жылына арналған Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін орта білім беру ұйымдарына трансляциялау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ағымдағы жылдың 25 наурыз күні Жетекші мектептердің әкімшілігі, 5-11 сыныптарға сабақ беретін химия, физика, орыс тілі және биология пән мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында Microsoft teams платформасы арқылы онлайн режимінде тәжірибелік семинар өтті.
Аталған іс-шараға облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлері, Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогтері, облыстың Жетекші мектептердің директорлары мен үйлестірушілері және пән мұғалімдері, барлығы 682 білім қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында тәжірибелік семинардың қатысушылары келіспеушіліктерді реттеудегі көшбасшылық, табысты мектеп жүйесін құрудағы көшбасшының рөлі, БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын әзірлеу жолдары, бағалау құралдары (оқыту мақсаттары, бағалау критерийлері, ойлау дағдыларының деңгейлері, тапсырмалар, дескрипторлар) бойынша тәжірибе алмасты.