Оқу-әдістемелік кабинеті туралы - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқу-әдістемелік кабинеті туралы

«ХХІ ғасырдың мамандықтары»

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 6 маусым күні 10 сынып оқушылары арасында «ХХІ ғасырдың мамандықтары» атты мультимедиялық фестиваль өткізді. 

Фестиваль оқушылардың өмірдегі кәсіби орнын анықтау арқылы мамандығын таңдауына бағыт-бағдар беру, шығармашыл дарынды оқушыларды айқындау мақсатында ұйымдастырылды. 
Фестиваль қорытындысы бойынша Жуалы ауданы Б.Майлин атындағы орта мектебінің оқушысы А. Бихан І дәрежелі, Тараз қаласы № 48 орта мектебінің оқушысы Б. Тұрмаханов ІІ дәрежелі, Т. Рысқұлов ауданы Жамбыл атындағы шағын орталықты орта мектебінің оқушысы А. Әбдібай және Тараз қаласы № 30 мектеп - гимназиясының оқушысы А. Қосыбаева ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Тараз қаласы №5 мектеп - гимназиясының оқушысы А. Сұлтанов, Сарысу ауданы Абай атындағы орта мектебінің оқушысы А. Ажимуханова, Әйтеке би атындағы орта мектебінің Н. Сайлаубай  «Үздік презентация» номинацияларын иеленді.

«ЕҢ ҮЗДІК БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІСІ» АНЫҚТАЛДЫ

Ағымдағы жылы 8 маусымда  облыстық білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің «Мектепке дейінгі мекемелер, мектепалды даярлық» және «Өзін-өзі тану» пәні бөлімінің ұйымдастыруыменТараз қаласы №39 «Балдәурен» балабақшасының базасында балабақша меңгерушілеріне  арналған «Ең үздік балабақша  меңгерушісі» атты байқау өтті.

Іс-шара мектепке дейінгі мекемелерде меңгерушілердің  кәсіби деңгейін арттыру және де жаңашыл технологияларды  тиімді қолдану  мақсатында ұйымдастырылды.
Байқау барысында меңгерушілер сайыс кезеңдері бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Үміткерлер өздерін таныстыра отырып, мектепке дейінгі ұйымдарда өздері қолданатын инновациялық технологиялардың тиімділігін көрсетті. Байқаудың қорытынды бөлімінде үздік деп танылған жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.

«Үздік педагог» атағын беру конкурсының ІІ кезеңі өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұймдастыруымен педагогтар мәртебесін көтеру және оны қалың жұртшылық арасында насихаттау мақсатында «Үздік педагог» атағын беру конкурсының ІІ кезеңі ағымдағы жылдың 7, 8 маусым күндері өткізілді. Екі кезеңнен өткен педагогтардың жұмыстары 21 маусымға дейін виртуалды дауыс беру үшін білім басқармасының сайтына орналастырылады.

«Үздік педагог» атағын беру конкурсының І кезеңіне облыс бойынша аудандық(қалалық) білім бөлімдері мен  облыстық білім басқармасына қарасты  білім мекемелерінен 162 педагог, кәсіптік және техникалық колледждерінен 32 оқытушы қатысты. Ал конкурстын ІІ кезеңіне аудандық(қалалық) білім бөлімдері мен  облыстық білім басқармасына қарасты  білім мекемелерінен 18 педагог, кәсіптік және техникалық колледждерінен 5 педагог өтінім беріп,  конкурсқа қатысушылардың құжаттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес қабылданды.
Конкурстың іріктеу кезеңінде қатысушылар өз пәндері бойынша тест тапсырмаларын орындады. 

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ – ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТІҢ МЫЗҒЫМАС НЕГІЗІ»

Ағымдағы жылдың  31 мамыр күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Тәуелсіз мемлекеттің мызғымас негізі» тақырыбында облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінде облыстық семинар өтті. 

Аталған іс-шараға  (аудандар  мен  Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп басшылары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері) барлығы 53  педагог  қатысты.
Семинарға қатысушылар тәрбиенің патриоттық бағыты бойынша  көмектер алды, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісіп, тәжірибе алмасты. Жиын соңында қатысушыларт аратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.