Мектеп басшыларына арналған дөңгелек үстел өтті
2018 жылдың 7 қарашасында Тараз қаласындағы Қ.Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназияның базасында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық тәжірибесін тарату мақсатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесін орта білім беру мекемелерінің оқу процесіне енгізу мәселелері» атты облыстық дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық тәжірибесін тарататын 40 базалық мектептердің директорлары және директорлық қызметке резервте тұрған мектеп директорларының орынбасарлары, барлығы 95 адам қатысты.
Іс-шара барысында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық тәжірибесін тарататын 40 базалық мектептердің директорлары оқыту тәжірибесімен бөлісіп, оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау ерекшеліктері мен ұйымдастыру, сол арқылы білім сапасын арттырудың тиімді жолдары туралы пікір алысып, озық педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.