Тірек мектептердің (ресурстық орталықтардың) жұмысын жандандыру
2018 жылдың 30 наурыз күні облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Тірек мектептерінде (ресурстық орталықтарында) оқу–тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Семинар-практикум барысында Жуалы ауданындағы Ақтөбе тірек мектебінде (ресурстық орталығында) оқушыларды әлеуметтендіру, Байзақ ауданындағы Дихан тірек мектебіндегі оқушылардың шығармашылық потенциалын дамыту, Шу ауданындағы М.Мақатаев атындағы тірек мектебіндегі желілік жағдайында оқу үдерісін технологизациялау арқылы білім сапасын қамтамасыз ету тәжірибелері ұсынылып, туындаған мәселелер, ұсыныстар, ескертулер талқыланды.
Т.Рысқұлов ауданындағы М.Әуезов атындағы тірек мектептің басшысы М.Ш.Сәрсенова тірек мектепте инновациялық үдерістерді басқару моделін ұсынды. Аталған жұмыс 2017 жылдың қараша айында өткен республикалық «Үздік тірек мектебі (ресурстық орталығы)» байқауында ең үздік деп танылып, байқаудың бас жүлдесін иеленген.