«Жазғы мектеп» жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сыныптары өтті
2018 жылдың 21 қыркүйегінде zhambul_obl_metod бөлмесінде үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің озық тәжірибелі мұғалімдері «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында қазақ тілі сабағында функционалдық сауаттылықты дамыту», «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу дағдыларын дамыту» тақырыптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныптарын өткізді. Аталған іс-шараға облыстың 1548 педагогі қамтылды.