«БІЛІМ – ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУДАҒЫ ТАБЫСТЫҢ КІЛТІ» тақырыбында қоғамдық пән мұғалімдеріне арналған облыстық онлайн режимінде өткізілген Тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.
2019 жылдың 12 тамызында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен қоғамдық пән мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін қамтамасыз ету мақсатында «Білім – қоғамдық сананы жаңғыртудағы табыстың кілті» тақырыбында облыстық Тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.
Облыстық тарих секция отырысына облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, оқу пәндері бойынша жетекшілік ететін мамандар, облыстық білім басқармасына қарасты мамандандырылған білім беру ұйымдарының, жалпы орта білім беретін мектептердің тарих, қоғамтану пәнінің мұғалімдері, барлығы 289 педагог қатысты.
Секция отырысында 2019-2020 оқу жылында оқу үрдісінде педагогтарға номативтік-құқықтық қамтамсыз ету, жаңартылған білім беру мазмұны мен 9,10 сыныптардағы оқу бағдарламалары, 10 сыныптарға енгізілген «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінің жүрзілуі мен оның ерекшеліктері туралы ақпарат пен әдістемелік ұсынымдар берілді. Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жағдайында Тараз қаласы №46 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Н.Саурыкова «Қазақстан тарихы пәнінен оқу бағдарламасы негізінде білім алушылардың бойында қалыптасатын дағдыларды меңгерту жолдары» тақырыбында ақпараттық дайджест жасап, іс-тәжірибесімен бөлісті.