«Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау» тақырыбында тренинг өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті мен Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалымен бірлесе отырып, 2020-2021 оқу жылына арналған жаңартылған орта білім мазмұнын енгізу жағдайында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін орта білім беру ұйымдарына трансляциялау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ағымдағы жылдың 15 қаңтар күні «Ауыл мектебі» жобасына енген Байзақ ауданы, Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінің мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау» тақырыбында тренинг өткізді. Zoom платформасы арқылы өткен тренингке 54 педагог қатысты.
Іс-шара барысында тренинг қатысушылары табысты сабақ критерийлер, оқытудың белсенді әдістері, оқыту әдістерін таңдауға әсер ететін факторлар, оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру нысандары бойынша тәжірибе алмасты.