Оқу-әдістемелік кабинеті туралы - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқу-әдістемелік кабинеті туралы

«Қысқы мектеп» жобасы аясында география пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде семинар өтті

           2020 жылдың  15 желтоқсан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында облыстық дарынды балаларға арналған мамандырылған «Дарын» мектеп-интернаты   мен облыстық үштілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің тәжірибелі мұғалімдері «География сабағында ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары», «Критериальное оценивание на уроках географии как средство мотивации к учебной деятельности» тақырыптарында биология пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде семинар өтті.

Аталған іс-шараға облыстың 194 география пәні мұғалімдері қатысты.

«Оқыту үдерісінде графикалық органайзерлерді тиімді қолдану жолдары»  тақырыбында семинар-практикум өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалымен бірлесе отырып, 2020-2021 оқу  жылына  арналған  жаңартылған орта білім мазмұнын енгізу жағдайында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  іс-тәжірибесін орта білім беру ұйымдарына трансляциялау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ағымдағы жылдың  14 желтоқсан күні «Оқыту үдерісінде графикалық органайзерлерді тиімді қолдану жолдары»  тақырыбында семинар-практикум өтті.

Zoom  платформасы арқылы өткен вебинарға   300 педагог қатысты.

Іс-шара барысында қашықтан оқыту кезінде кескін карталармен жұмыс жасауда графикалық органайзерлердің тиімділігі, графикалық органайзерлердің түрлері мен оларды қолдану жолдары  талқыланды. 

«Өзін-өзі тану пәні – рухани-адамгершілік тәрбиенің негізі» тақырыбында облыстық онлайн семинар-практикум өтті

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен білім алушы жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру саласындағы білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында 2020 жылдың 11 желтоқсан күні «Өзін-өзі тану пәні – рухани-адамгершілік тәрбиенің негізі» атты облыстық семинар-практикум өтті.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қаласынан 124 педагог қатысты.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында математика  пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сынып өтті

              2020 жылдың  14 желтоқсан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында облыстық  дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының математика  пәні  мұғалімі Губайдуллин Ербол Канатұлы  «Geogebra бағдарламасын геометрия сабағында қолдану тәсілдері»  тақырыбында математика пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сынып өтті.

Аталған іс-шараға облыстың 294 математика  пәнінің мұғалімдері  қатысты. Іс-шара барысында Geogebra бағдарламасы арқылы геометриялық фигураларды салу және геометриялық есептерді шығарудың тиімді жолдарын көрсетті.  

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарының» 4-тармағын орындау мақсатында   2020 жылдың 11 желтоқсан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқытудың өзектілігі мен тәжірибесі» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.

Онлайн семинарға 295 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

Іс-шара барысында мектеп бағдарламасына сәйкес қазақ әдебиеті оқулықтарындағы тәуелсіздік жылдарында жарық көрген шығармаларға талдау жасалды. Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиетті оқытудың тиімді жолдарымен бөлісу, озық тәжірибелер таратылды. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқытудың тәрбиелік аспектісі жайлы кеңінен тоқталды.