«Мектеп жасындағы жасөспірімдердің репродуктивті денсаулықты сақтау стратегиясы»тақырыбында педагог-психологтарға арналған облыстық онлайн семинар өтті
2019 жылдың 30 қыркүйек күні оқу-әдістемелік кабинетінің базасында «Zambil_Obl_Metod» бөлмесі www.sabak.kz сайтында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына әдістемелік көмек көрсету және тәжірибелік тұрғыда кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «Мектеп жасындағы жасөспірімдердің репродуктивті денсаулықты сақтау стратегиясы» тақырыбында онлайн режимінде облыстық семинар өткізілді, барлығы 335 педагог-психолог қатысты.
Сондай-ақ семинарға қатысушы педагог-психологтар мектеп жасындағы жасөспірімдердің арасында ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері мен психикалық саулығын қалыптастыру үдерісіндегі алдын алу жұмыстарының ерекшеліктері бойынша көптеген жаңашыл идеяларымен алмасып, кәсіби шеберліктерін көрсетті және электронды түрде таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді..