«Қысқы мектеп» жобасы аясында информатика пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде семинар өтті
2021 жылдың 1 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының тәжірбиелі мұғалімдері «Tinker CAD платформасы арқылы мектептегі робототехника және 3d модельдеу курстарын қашықтықтан оқыту», «Бөлім бойынша жиынтық тапсырмаларын әзірлеу» тақырыбында информатика пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде вебинар өтті.
Аталған іс-шараға облыстың 226 информатика пәнінің мұғалімдері қатысты.