Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

«Тәуелсіз Қазақстан: Біртұтас ұлт. Тарихи сана. Ұлттық құндылық» тақырыбында облыстық диалог алаңы өтті

2022 жылдың 19 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай Қазақстан Республикасының дамуындағы басты күннің тарихи маңызын, тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерді, ел бірлігін нығайтқан ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында облыстық диалог алаңы өтті.
Іс-шараға барлығы 197 педагог қатысты.

           ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ МЕҢГЕРУШІЛЕРІМЕН ОНЛАЙН-КЕҢЕС ӨТТІ

2022 жылдың 19 қазанында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Оқу-ағарту министрлігі ұсынған «Педагог» кәсіби стандартын ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында облыстық онлайн-кеңес өтті. Кеңеске аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері қатысты.
Іс-шара барысында «Педагог» кәсіби стандарты білім берудің барлық деңгейіндегі мұғалімдердің кәсіби даму траекториясының бірыңғай тірек нүктесіне айналатындығы, осы кәсіптік стандартты ескере отырып білім беру бағдарламалары, сертификаттау рәсімдері мен аттестаттау, үздіксіз біліктілікті арттырудың мазмұны әзірленеді және жаңартылатындығы, сондай-ақ, педагогикалық кадрлардың қызметі бойынша жоғарылату стратегиясы құрылатындығы туралы айтылды.

                                               Облыстық семинар өтті

2022 жылдың 10 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM бейнебайланыс режимінде оқушылардың математикалық-жаратылыстану сауаттылығын арттырудың тиімді жолдарын анықтау мақсатында «Оқушылардың математикалық және жаратылыстану сауаттылығын арттыруға бағытталған тапсырмалардың құрылымы мен ерекшеліктері» тақырыбында математика, физика пәндерінің мұғалімдеріне арналған облыстық онлайн семинар өтті.
Іс-шара барысында оқушылардың математикалық және жаратылыстану сауаттылығын дамыту және жаҺандық құзіреттіліктерін арттыру, мәселені бірлесе шешу мен креативті ойлау дағдыларын жетілдіру аясында берілетін мәнмәтіндік тапсырмалардың құрылымы мен ерекшеліктері, оларды шешудің тиімді әдіс-тәсілдері көрсетілді. Педагогтарға ақпарақтық-әдістемелік көмек беріліп, дидактикалық материалдардың электронды нұсқалары таратылды.
Аталған іс-шараға Меркі, Қордай, Талас, Т.Рысқұлов, Сарысу, Шу аудандарынан 118 педагог қатысты.

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕНОНЛАЙН-КЕҢЕС ӨТТІ

2022 жылдың 1 7 қазанында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы мен “Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен педагогикалық қоғам арасында «Педагог» кәсіби стандартын уәждемелі және белсенді түсіну үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру
мақсатында облыстық онлайн-кеңес өтті.
Кеңеске “Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры С.Құрманбекова, Жамбыл облысы бойынша Білім сапасын қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Ж.Атенов, аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының басшылары, барлығы 500 педагог қатысты.
Іс-шара барысында «Педагог» кәсіби стандарты білім берудің барлық деңгейіндегі мұғалімдердің кәсіби даму траекториясының бірыңғай тірек нүктесіне айналатындығы, осы кәсіптік стандартты ескере отырып білім беру бағдарламалары, сертификаттау рәсімдері мен аттестаттау, үздіксіз біліктілікті арттырудың мазмұны әзірленеді және жаңартылады сондай-ақ, педагогикалық кадрлардың қызметі бойынша жоғарылату стратегиясы құрылатындығы туралы айтылды.

                                           Облыстық семинар өтті

2022 жылдың 11 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM бейнебайланыс режимінде оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын арттырудың тиімді жолдарын анықтау мақсатында «Оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын арттыруға бағытталған тапсырмалардың құрылымы мен ерекшеліктері» тақырыбында химия, биология, география пәндерінің мұғалімдеріне арналған облыстық онлайн семинар өтті.
Іс-шара барысында оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамыту және жаҺандық құзіреттіліктерін арттыру, мәселені бірлесе шешу мен креативті ойлау дағдыларын жетілдіру аясында берілетін мәнмәтіндік тапсырмалардың құрылымы мен ерекшеліктері, оларды шешудің тиімді әдіс-тәсілдері көрсетілді. Педагогтарға ақпарақтық-әдістемелік көмек беріліп, дидактикалық материалдардың электронды нұсқалары таратылды.
Аталған іс-шараға Меркі, Қордай, Талас, Т.Рысқұлов, Сарысу, Шу аудандарынан 108 педагог қатысты.