Мектепалды даярлық сынып педагогтеріне арналған облыстық семинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 20 қазан күні мектепалды даярлық сынып педагогтеріне арналған «5-6 жастағы балалардың шығармашылыққа деген қызығушылығын қалыптастыру» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.
Zооm бейнебайланыс режимінде өткен іс-шараға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері және мектепалды даярлық сынып педагогтері барлығы 244 педагог қатысты.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын реттейтін нормативтік құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бекітілгені, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың сапасын арттыру, стандарт талаптарын орындау, перспективалық жоспар мен циклограмманы құру жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қордай ауданының мектепалды даярлық сынып педагогтері М.Искакова, Д.Чоембаева, Э.Умирзакова іс-тәжірибелерімен бөлісті.