Алматы қаласында математика, физика және информатика олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларына арналған IMPACT Olympiad – V Халықаралық ашық шығармашылық конкурсы өтті
«Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен қолдауымен кәсіби құзіреттілігі жоғары, талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер мен жаттықтырушыларды анықтау, оларды қолдау және көтермелеу мақсатында Қазақстан және шет елдер мектептерінің мұғалімдері мен жаттықтырушылары арасында 2023 жылдың 4 ақпанында Алматы қаласында математика, физика және информатика олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларына арналған IMPACT Olympiad – V Халықаралық ашық шығармашылық конкурсы өтті. Конкурс нәтижесі бойынша Жамбыл облысының математика, информатика пәндерінің мұғалімдері жүлделі орындарды иеленіп, II,III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Атап айтсақ, ІI орынды - Облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Куболдин Данияр Нурланұлы және информатика пәнінің мұғалімі Жантілеуов Ермек Айтқалиұлы, ІІI орынды - Облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Серікбаев Наурызбай Серікбайұлы,Тараз қаласы Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Муратбаев Айбек Серікұлы, Тараз қаласы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназияның математика пәнінің мұғалімі Убишов Думан Жұбанышұлы иеленді.
Педагогтарды жеңісімен құттықтаймыз!