«Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп кітапханасының инновациялық қызметі» тақырыбында облыстық семинар өтті
Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылдың 28 желтоқсан күні білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлеріне арналған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының бір бағыты зерделенген, жинақталған тәжірибені жалпы білім беру ұйымдарына тарату және соның ішінде мектеп кітапханаларының жұмысын ұйымдастыру, қазіргі заманауи кітапханаларға қойылатын талаптар мен әдіс-тәсілдерді игеру, қазіргі кездегі әлемдегі өзгерістерге байланысты қашықтықтан оқу процесін қолдау, сүйемелдеу мақсатында «Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп кітапханасының инновациялық қызметі» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Аталған іс-шараға 10 ауданнан 27 кітапхана қызметкерлері қатысты.