«Мектептерге арналған PISA зерттеуі: өзектілігі мен тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті
2023 жылдың 28 қыркүйек күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектептерге арналған тестілеуге дайындық жұмыстарын ұйымдастырудың мазмұнын жетілдіру, зерттеу тапсырмаларын орындаудың тиімді жолдарын анықтау, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру мақсатында «Мектептерге арналған PISA зерттеуі: өзектілігі мен тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті.
Іс-шара барысында 2023 жылдың қазан-қараша айларында өтетін «Мектептерге арналған PISA» негізгі зерттеуіне облыс бойынша 71 білім мекемесі қатысатындығы айтылды. Сонымен қатар, семинар барысында зерттеудің өзектілігі, құрылымы, ерекшеліктері, мазмұны және жүргізу форматы мен тапсырмалар мазмұны туралы толық мағлұматтар беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.
Облыстық оқыту вебинарына Тараз қалалық және аудандық білім бөлімдерінің негізгі зерттеуге жауапты тұлғалары, іріктеліп алынған білім беру ұйымдарының басшылары мен мектеп үйлестірушілері, барлығы 150 педагог қатысты.