«Жалпы орта білім беретін мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында онлайн-семинар
2018 жылдың 15 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Жалпы орта білім беретін мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары»тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.
Аталған іс-шараға жоғары оқу орындарының ғалымдары, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушылары, мектеп педагогтары. Барлығы 321 педагог қатысты.
Семинар барысында нормативті-құқықтық негіздемесі, мектептердегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Оған қоса, іс-шараның ақпараттық-әдістемелік, дидактикалық таратпалы материалдары электронды және қағаз түрінде таратылды.