ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӘРБИЕ: БІРІЗДІЛІК ЖӘНЕ САБАҚТАСТЫҚ
Үстіміздегі жылдың 13 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің базасында www.sabak.kzсайты Zhambil_obl_UMC бөлмесінде «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие: бірізділік және сабақтастық» тақырыбында онлайн режимінде облыстық әдістемелік семинар өткізілді.
Аталған іс-шараға 2481 педагог (аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысына жауапты әдіскерлер, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілер) қатысты.
Семинарға қатысушылар тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмектер алды, заманауи тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті және тәжірибе алмасты. Жиын соңында қатысушыларға электронды таратпалы материалдар ұсынылды.