ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА – ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ
Үстіміздегі жылдың 6 сәуірінде жалпы білім беретін орта мектептердегі жас мамандардың қатысуымен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты педагогикалық олимпиада өткізілді.
Олимпиада жас ұстаздардың педагогикалық шығармашылық нәтижелерімен, жобаларымен, педагогикалық идеяларымен танысу, ұстаздардың жеке шығармашылығының кеңістігін шоғырландыруға, шығармашылық ізденушілік бағытын таңдауға, педагогикалық өз ойын білдіру тәсілдерін және жеке шығармашылық жолын табуға мүмкіндік жасау, педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және шығармашыл педагогтарды анықтау, оларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдатырылды.
Іс-шараға 16 жас маман қатысып, 11-і жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар педагогтар ағымдағы жылдың 4-5 мамыр аралығында Семей қаласында өтетін республикалық олимпиадаға қатысады.