Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру - Оқу-әдістемелік кабинет

Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру

10-11 сыныптарға қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ беретін мұғалімдер арасында эссе жазу күні өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының 2017-2018 оқу жылына арналған мектеп бітірушілердің ҰБТ-ге дайындығы мен оқу сапасының деңгейін арттыру бойынша қадамдық іс-қимыл жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 10 ақпан күні мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттауына дайындығын қамтамасыз ету, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің эссе жазу талаптарын (жеке көзқарастың көрінісі, фактілі дәлелдер, теоретикалық негіздеме, дәйектемелерді келтіру, әртүрлі көзқарастарды мысалға алу, логикалық заңдылықтардың сақталуы, салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану, сауаттылық, стильдік бірлік, сөз көркемдігі мен сөз қорының молдығы және т.б.)  меңгергендігін  анықтау мақсатында 10-11 сыныптарға қазақ тілі мен әдебиеті (қазақ сыныптары), орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен (орыс сыныптары) сабақ беретін педагогтар эссе жазды.

Эссе жазуға білім беру ұйымдарынан барлығы 681 педагог (33,5%) (қазақ сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті - 548 (32,7%), орыс сыныптарындағы орыс тілі мен әдебиеті  - 133 (37,4%)) қатысты.

 

«PISA және TIMSS халықаралық зерттеулері: дайындық жұмыстары мен зерттеу тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинары өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың  7 ақпан  күні  халықаралық PISA, TIMSS зерттеулерін өткізу бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында  «PISA және TIMSS халықаралық зерттеулері: дайындық жұмыстары мен зерттеу тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбында  облыстық  оқыту семинары  өткізілді.

Аталған іс-шараға  мектеп, колледж директорлары мен мектеп үйлестірушілері,  аудандар мен Тараз қаласы білім бөлімдерінің жауапты мамандары,  барлығы  65 педагог қатысты.  

Оқыту семинарына  қатысушылар PISA және TIMSS халықаралық зерттеулеріндегі тест тапсырмаларының үлгілері, сауалнама түрлері бойынша әдістемелік көмектер  алды, электронды таратпалы материалдармен  қамтамасыз  етілді.

«Критериалды бағалау – оқу үрдісіндегі маңызды фактор» тақырыбында әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар-практикум өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 16 қаңтар күні  Байзақ ауданы Н.К.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының базасында «Критериалды бағалау – оқу үрдісіндегі маңызды фактор» тақырыбында 1,2 сыныптарға сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар-практикум өтті.

Аталған іс-шараға Байзақ ауданының 53 педагогі қатысты.

І Республикалық математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің ашық шығармашылық байқауында 2 педагог жеңімпаз атанды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 10-16 қаңтар аралығында Алматы қаласында математика, физика, информатика пәндері мұғалімдері мен олимпиадалық резерв тренерлерінің І ашық республикалық  шығармашылық байқауы өтті.

Шығармашылық байқауда облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-интернатының физика пәнінің мұғалімі Жұмаділов Ержан Есетұлы, ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі Рысбаев Жомарт Бейбітханұлы III орынды иеленді. 
Педагогтарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

«Тәрбие үрдісін басқарудың мазмұны мен технологиясы» тақырыбында онлайн режимінде облыстық әдістемелік семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен www.sabak.kz сайты Zhambil_obl_UMC бөлмесінде 2018 жылғы 12 қаңтар  күні  «Тәрбие үрдісін басқарудың мазмұны мен технологиясы» тақырыбында онлайн режимінде облыстық әдістемелік семинар өткізілді.

Аталған іс-шараға  (ЖОО-ның ғалымдары, тәрбие  жұмысына  жауапты  әдіскерлер, мектеп басшылары, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар  мен сынып жетекшілер) барлығы 1628  педагог қатысты.