МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚТАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ МАЗМҰНЫ МЕН САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Ағымддағы жылдың 4 мамырында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің «Мектепке дейінгі мекемелер, мектепалды даярлық және «Өзін-өзі тану» пәні бөлімінің ұйымдастыруымен Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылындағы №15 орта мектептің базасында мектепалды даярлық сынып педагогтеріне арналған «Мектепалды даярлықтағы білім берудің мазмұны мен сапасын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында мектепалды даярлық сынып педагогтарына арналған аймақтық семинар-практикум өтті.
Семинарға 9 аудан және Тараз қаласынан 26 педагог қатысып, «Кембридждік әдіс - тәсілдер, мектепалды даярлықта Постер қорғау» арқылы мектепалды даярлықтағы балалардың танымдық процесін, шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту бойынша іс-тәжірибе алмасты.
Іс-шара барысында аудандағы мектепалды даярлық топ педагогтері ұйымдастырылған оқу-қызметтерін көрсетіп, мектеп психологі А.Сабырқызы «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, әрбір еңбегі де жемісті!» тақырыбында тренинг жүргізді.
Семинар-практикумның қорытынды бөлімінде қатысушылармен кері байланыс жүргізіліп, іс-шараға белсене қатысқан мектепалды даярлық топ педагогтарына сертификаттар берілді.