Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру - Оқу-әдістемелік кабинет

Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру

Облыстық «Oqy, tap» онлайн байқауы өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 27 қараша күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 5-11 сынып оқушылары арасында облыстық «Oqy, tap» онлайн байқауы өткізілді.

Байқаудың көркем шығармадан алынған үзіндіні табу кезеңінде оқушылар көркем шығарманың авторын, үзіндінің қай тараудан алынғанын нақты көрсете білді. Көркем шығарма бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру кезеңінде берілген шығарманың композициясы бойынша сұрақтарға жауап берді. Үшінші кезеңде оқушылар алынған көркем шығарманың негізінде эссе жазды.

Байқауға тіркелген қатысушылар саны - 1560, соның ішінде                     І кезеңге 546 қатысушы, ІІ кезеңге - 228 қатысушы қатысты. ІІІ кезеңге           193 қатысушы өтті.

Байқау қорытындысы бойынша 14 оқушы жүлделі орындарға ие болып, облыстық білім басқармасының бағалы сыйлықтармен және дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, оқушылары белсене қатысқан Байзақ ауданы, Сарыкемер мектеп-гимназиясының, Меркі ауданы, №14 М.Жылысбаев атындағы орта мектебінің директорлары алғыс хаттарға ие болды.

Байқау қатысушыларына арналған «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығына экскурсия  ұйымдастырылды.

«Жазғы мектеп» жобасы аясында  қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндердің мұғалімдеріне ашық есік күні өтті

2018 жылдың 23 қарашасында  облыстық ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының базасында «Жаңартылған білім мазмұны аясында қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы  пәндерді оқытуда интербелсенді әдістерді тиімді қолдану» тақырыбында облыстық  ашық есік күні өтті. Аталған іс-шарада жоғары санатты пән мұғалімдері іс-тәжірибелерімен бөлісті. Аталған іс-шараға облыстың 56 пән мұғалімдері қамтылды.

«Тірек мектептердің жұмысын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында республикалық семинар – кеңес өтті.

 Жиында еліміздің әр аймағынан келген педагогтар білім мекемелерінің қызметін ұйымдастырудағы озық тәжірибелерін ортаға салды.Бұған дейін Жамбыл облысындағы бірқатар тірек мектептер республикалық байқауларда үздіктер қатарынан көрінген болатын. Мәселен, өткен жылы Т.Рысқұлов ауданындағы  М.Әуезов атындағы ресурстық орталық бас жүлдені жеңіп алған. Бүгінгі семинар – кеңесте инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың білім деңгейін арттыру жайы айтылды.

Манаргүл  Мұқашева / Ы.Алтынсарин атындағы  Ұлттық Білім Академиясының ғалым- хатшысы

Сондай-ақ, ресурстық орталық және шағын жинақталған мектеп мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін жетілдіру де күн тәртібінен түспейді. Бұл бағыттағы жұмыстар қазіргі уақытта еліміздің барлық аймағында жүргізіліп жатыр.

http://taraztv.kz/kz/news/society/respublikalyk-seminar-kenes-otti#

«Жаңартылған білім беру – нәтижелі білім  негізі»  тақырыбында аймақтық семинар-практикум өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  2018 жылдың 23 қараша күні  Мойынқұм ауданы, Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының базасында «Жаңартылған білім беру – нәтижелі білім  негізі»  тақырыбында  бастауыш сынып мұғалімдері мен аудандық  білім бөлімдерінің әдіскерлері үшін аймақтық семинар-практикум өтті.

Аталған іс-шараға  58  педагог  қатысты.

Семинар-практикумда мұғалімдер оқыту  үрдісінде критериалды бағалауды тиімді қолдану жолдары бойынша тәжірибе алмасып, электронды дидактикалық таратпалы  материалдармен қамтамасыз етілді.

«Ұлт көшбасшысы – тәуелсіздік кепілі» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік  конференция өтті

2018 жылдың 22 қараша  күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйыдастыруымен  «1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті  күні»  мемлекеттік мерекесіне арналған Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың базасында «Ұлт көшбасшысы – тәуелсіздік кепілі»  тақырыбында  ғылыми - тәжірибелік  конференция өткізіледі. Конференция жұмысына ЖОО-ның ғалымдары, білім беру ұйымдарының басшылары,  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары  мен пән мұғалімдері шақырылып және 200-ге жуық педагог қызметкерлер  қатыстырылады.

Конференция келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылды: