«Тәуелсіздік құндылықтары: өткенге тағзым, болашаққа аманат» тақырыбында облыстық ғылыми - тәжірибелік конференция өтті
2020 жылдың 11 желтоқсан күні «16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мемлекеттік мерекесіне арналған «Тәуелсіздік құндылықтары: өткенге тағзым, болашаққа аманат» тақырыбында облыстық ғылыми - тәжірибелік конференция zoom платформасында өткізілді.
Конференция жұмысына ЖОО-ның ғалымдары, білім беру ұйымдарының басшылары, директордың орынбасарлары мен пән мұғалімдері, барлығы 200 - ге жуық педагог қатысты.
Конференция келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылды:
І секция «Ұлттық жаңғыру - туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі»;
ІІ секция «Тәуелсіздік – қазақ халқының қайсар рухының жемісі».
Іс-шара барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Е.Қ.Серікбаевтың «Тәуелсіздік күні – Ұлы дала елінің ұлықтаған мерекесі», Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің PhD докторы, криминалистика докторы, доцент Т.Б.Сәткейдің «Тәуелсіздік - тәтті ұғым, қастерлі сөз», Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ -ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының директоры Ж.С.Саттардың «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», Меркі ауданы, И.Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп-гимназияның орыс тілі пәнінің мұғалімі, «Үздік педагог-2020» байқауының Н.Ү.Қаймалақованың «Тәуелсіздік жылдарындағы білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңашылдықтар», Тараз қаласы, А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның педагог-психологі, «Жылдың үздік психологі - 2020» ІX республикалық байқауының жеңімпазы Е.В.Хлeсткинаның «Деятельность психологической службы в организациях образования Республики Казахстан» және т.б тақырыптарындағы баяндамалар тыңдалды.
Сондай-ақ, пән мұғалімдері мен тәрбие саласына жауапты мамандардың ғылыми ізденіс жұмыстарында еліміздің игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту жолдары, білім беру жүйесіндегі тың өзгерістер мен жаңалықтар және егеменді ел ұрпағын тәрбиелеу мәселелері жан-жақты сараланып, таныстырылды.