«Ұлттық бірыңғай тестілеуге сапалы дайындық - нәтиже көрсеткіші» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті
Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 30 мамырында «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде мектеп бітірушілердің ҰБТ-ға дайындығын қамтамасыз ету мақсатында негізгі пәндер бойынша «Ұлттық бірыңғай тестілеуге сапалы дайындық- нәтиже көрсеткіші» тақырыбында облыстық онлайн семинар өткізілді. Аталған іс-шараға (қазақ тілі мен әдебиеті – 414, ағылшын – 627, тарих –343, физика – 313, математика – 569) 2266 мұғалім қатысты.
Онлайн семинар барысында пән мұғалімдері оқу сауаттылығының әлемдік кеңістіктегі маңызы мен деңгейлерін, тест тапсырмаларын әзірлеу жолдары мен түрлерін, толық емес мәтіндерге қойылған талаптар, тест спецификациясын, мектептердегі оқушыларға мәтінмен жұмыс істеу тәсілдерін меңгерту барысында түрлі әдіс-тәсілдермен бөлісті.
Пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін көтеру үшін әдістемелік көмек берілді.