«Қысқы мектеп» жобасы аясында математика пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сынып өтті
2021 жылдың 8 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM бейнебайланыс режимінде облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының мұғалімі Қиялбеков Нариман Мәлікұлы «Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыруға инновациялық әдіс-тәсілдер қолдану» тақырыбында математика пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сынып өтті.
Іс-шара барысында оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру мақсатында, инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудың түрлі тиімді жолдарын көрсетті, өз тәжірибесімен бөлісті.
Аталған іс-шараға облыстың 120 математика пәнінің мұғалімдері қатысты.