«Шығармашылық шеберхана» тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті
Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 11 желтоқсан күні «Үздік педагог шеберханасы: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» жобасының аясында республикалық «Үздік педагог-2015» байқауының жеңімпазы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының тарих пәнінің мұғалімі І.Г.Өтегенованың «Шығармашылық шеберхана» тақырыбында ZOOM платформасында облыстық шеберлік сынып өтті.
Шеберлік сынып барысында педагогтың оқу-әдістемелік қызметі, қолданылатын оқыту технологиялары мен әдістерінің сипаттамасы, қосымша оқу және оқудан тыс қызметтің сипаттамасы, ғылыми-зерттеу қызметі, педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату бойынша электронды партфолиосымен таныстырып өтті.
Іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, әдістемелік кабинеттің меңгерушілері мен әдіскерлері, мектеп директорлары мен директордың ғылыми-әдістемелік, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, озық тәжірибелі педагогтар, жалпы 198 педагог қатысты.