Облыстық оқыту вебинары өтті
2022 жылдың 30 қыркүйек күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен мектептерге арналған тестілеуге дайындық жұмыстарын ұйымдастырудың мазмұнын жетілдіру, зерттеу тапсырмаларын орындаудың тиімді жолдарын анықтау, пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін көтеру арқылы олардың құзіреттілігін дамыта отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру мақсатында «Мектептерге арналған PISA» негізгі зерттеуінің ерекшеліктері: мазмұны мен өзектілігі» тақырыбында облыстық оқыту вебинары өтті.
Іс-шара барысында 2022 жылдың қазан-қараша айларында өтетін «Мектептерге арналған PISA» негізгі зерттеуіне облыс бойынша 70 білім мекемесі қатысатындығы айтылды. Сонымен қатар, семинар барысында зерттеудің өзектілігі, құрылымы, ерекшеліктері, мазмұны және жүргізу форматы мен тапсырмалар мазмұны туралы толық мағлұматтар беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.
Облыстық оқыту вебинарына Тараз қалалық және аудандық білім бөлімдерінің негізгі зерттеуге жауапты тұлғалары мен физика, математика пәндері әдіскерлері, іріктеліп алынған білім беру ұйымдарының басшылары мен мектеп үйлестірушілері, барлығы 180 педагог қатысты.