«Жас педагог – жарқын болашақ иесі» атты облыстық ашық диалогтік алаңы өтті
2022 жылдың 22 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің жас педагогтарына арналған «Жас педагог – жарқын болашақ иесі» тақырыбында облыстық ашық диалогтік алаңы өтті.
Іс-шараның мақсаты – жас педагогтардың білім беру жүйесін дамытуға кәсіби көзқарасын қалыптастыру және шығармашыл жастарды қолдау, әдістемелік көмек көрсету.
Еліміздің болашағы мектептегі жас педагогтардың жаңа инновациялық идеяларымен, құндылықтарымен, уәждерімен, перспективаларымен анықталады. Болашақ бүгін жас мұғалімдердің қызметі мен білімі арқылы туады. Заманауи жас маман - бұл батыл, кәсіби білікті, методикалар мен технологияларды меңгеруге дайын, жаңа білім алып, тәжірибе жинақтауға дайын мұғалім.
Іс-шараға Жамбыл ауданы, Б.Беспаев атындағы мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Қалмаханова, Байзақ ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы гимназиясының химия пәнінің мұғалімі М.Рахметқұлқызы, Тараз қаласы, Б.Момышұлы атындағы №45 гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Т.Лаубай, Жамбыл ауданы, Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі А.Жүніс, Мойынқұм ауданы, Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының музыка пәнінің мұғалімі Е.Дүзелбай қатысып, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Облыстық ашық диалогтік алаң барысында «Педагог» кәсіби стандартын талқылап, жас педагогтерге педагогикалық мамандықтың мәртебесі мен беделін көтеруге, әдістемелік деңгейін жетілдіруге, инновациялық және эксперименталдық жұмыстарда дербестігін және кәсібилігін арттыруға, кәсіби қоғамдастығында әріптестердің өз ойын білдіруге, кәсіби қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туғызуға, шынайы білім беру процесінде жас педагогтардың педагогикалық бастамаларын жинақтап, таратуға және педагогика саласындағы шығармашыл жастарға қолдау көрсетуге ақпараттық-әдістемелік көмектер көрсетілді.
Іс-шараға, аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің жас мамандары, барлығы 96 жас педагог қатысты.