БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТТІ
2022 жылдың 13 қазанында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен облыстық онлайн-семинар өтті. Семинарға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің және білім басқармасына қарасты мектеп басшылары қатысты.
Іс-шарада білім мекемелерінде оқушылардың білім алуындағы олқылықтарды жою және оларды жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды үйлестіру, құқықтық тәрбиені нығайту, мектептегі тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру, мектеп директорларының білім алушыларды күтіп алуы мен шығарып салуы, мектеп психологтарының қызметінің сапалы ұйымдастырылуы, ата-аналармен ерекше форматтағы жиналыстарды ұйымдастыру, ата-аналардың балаларымен «Еркелету сағаттарын» өткізу мәселелері туралы айтылды.
Іс-шара соңында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Ш.А.Усерова атқарылып жатқан жұмыстар туралы мазмұнды ақпараттар беріп, тәрбие бағытындағы жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдарын ұсынды.