Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру - Оқу-әдістемелік кабинет

Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру

«Тарих пәнінен оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды әзірлеу ерекшеліктері» тақырыбында облыстық вебинар өтті

2022 жылдың 2 қараша күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Шу ауданы мен Тараз қаласының тарих пәні мұғалімдеріне пән бойынша оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды әзірлеу ерекшеліктері, контекстік тапсырмалар мен олардың түрлері, педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық вебинар өтті.
Іс-шараға барлығы 156 педагог қатысты.

      Мектепке дейінгі ұйымдардағы апробация

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті ағымдағы жылдың 3 қараша күні «Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күн бойында екі педагог», «Өсу нүктелері» құзыреттілік орталықтары» пилоттық жобалары, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын бағалау өлшемшарттарын апробациядан өткізу бойынша Тараз қаласы #35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасының іс- тәжірибесіне бақылау жүргізді.
Пилоттық жобаның, апробацияның мақсаты - мектепке дейінгі ұйымдардың тәжірибесіне мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы озат тәжірибені тарату және енгізу, педагогтардың жүктемесін азайту, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыру.
Апробацияны бақылау барысында педагогтерге әдістемелік көмек көрсетілді.

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН СЕМИНАР ӨТТІ

2022 жылдың 31 қазанында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Білім беру қызметінің өзін-өзі бағалауы – білім беру сапасын ішкі қамтамасыз ету факторы» атты облыстық семинар өтті. Семинарға білім басқармасының басшысы Б.Т. Жамангозов, басшының орынбасары А.О. Досыбаева, білім беру ұйымдарының басшылары, барлығы 316 адам қатысты.
Іс-шарада спикерлер – GL talimger білім беру консалтингінің CEO, әлеуметтік ғылымдар магистрі (Ex. MA), IVLP «Digital Education in the United States» бағдарламасының қатысушысы Л.К.Булебаева және GL talimger білім беру консалтингінің құрылтайшысы, техника ғылымдарының магистрі, 2012 жылдан бастап білім беру сапасын бағалаудың Еуразиялық қауымдастығының мүшесі, «Қазақ білім беру сарапшыларының лигасы» ҚҚ құрылтайшысы әдіскерлерге, мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептердің басшыларына менторлық қолдау және консалтинг көрсетуші Г.К. Кусидинова мазмұнды баяндама жасады.
Семинар жұмысына қатысушы мектеп басшыларына білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізуде білім беру сапасын ішкі қамтамасыз ету, бағалау өлшемшарттары, білім беру қызметінің өзін-өзі бағалауы, оқыту нәтижелеріне бағытталған білім беру мазмұны, білім алушылардың дайындық деңгейі, оқыту нәтижесін бағалау, МЖМБС талаптарына сәйкес оқу пәндері бойынша ҮОЖ сәйкес білім беру қызметін жүзеге асыру, мектептердің өзін-өзі бағалауды өткізудің алгоритмі тақырыптары туралы айтылып, ақпараттық-әдістемелік көмек берілді.

«Тәлімгерлік – мұғалімдердің кәсіби дамуының тиімді түрі ретінде» тақырыбында облыстық вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2022 жылдың 1 қараша күні облыстық бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Тәлімгерлік – мұғалімдердің кәсіби дамуының тиімді түрі ретінде» тақырыбында онлайн режимінде вебинар өтті.
Аталған іс-шараға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері мен бастауыш сынып мұғалімдерді, барлығы 578 педагог қызметкерлері қатысты.
Іс-шара бағдарламасына сәйкес вебинар қатысушылары тәлімгерліктің негізгі сипаттамасы, міндеттері мен ұстанымдары, мәселелерді шешу жолдары, құнды нәтижеге жеткізетін іс-әрекеттер бойынша тәжірибе алмасты.a

«Тарих пәнінен оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды әзірлеу ерекшеліктері» тақырыбында облыстық вебинар өтті

2022 жылдың 26 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов, Сарысу, Талас аудандарының тарих пәні мұғалімдеріне пән бойынша оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды әзірлеу ерекшеліктері, контекстік тапсырмалар мен олардың түрлері, педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық вебинар өтті.
Іс-шараға барлығы 128 педагог қатысты.