МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ СЫНЫП ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ТАМЫЗ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 23 тамыз күні «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудағы жаңа бағдары» тақырыбында мектепалды даярлық сынып педагогтеріне арналған Тамыз кеңесінің облыстық секциялық отырысы өтті.
Тамыз кеңесінің секциялық отырысының барысында «Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері туралы» әдістемелік-нұсқау хаттың мазмұнын жан-жақты түсіндірілді. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асырудағы негізі бағыттары және тәрбиелеу-білім беру процесінде «ойын арқылы оқыту» қағидасының маңыздылығы туралы мәселелер айтылып, іс-тәжірибелер таратылды. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдардың ата-аналармен өзара ықпалдастықта жұмыс істеуді дамыту қажеттігі туралы сөз қозғалды.
Секциялық отырыста қатысушыларға тәрбиелеу-білім беру процесін жүйелі ұйымдастырудың тиімді жолдары бойынша тұжырымды идеялар ұсынылып, ақпараттық-әдістемелік көмектер көрсетілді.
Аталған іс-шараға облыстың 140 педагогі қамтылды.