Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру - Оқу-әдістемелік кабинет

Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру

«АСАНБАЙ АСҚАРОВ: ТАҒЫЛЫМЫ МЕН ТӘЛІМІ» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтті

2022 жылдың 16 қараша күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқарұлы Асқаровтың 100 жылдығына орай аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Асанбай Асқаров: тағылымы мен тәлімі» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқарұлы Асқаровтың еңбектері мен қоғамдағы рөлін насихаттау, тәжірибе алмасу.
Іс-шараға Асанбай Асқаровтың немересі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Журналистика» факультетінің қауымдастырылған профессоры Р.Жақсылықбаева, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Тарих және география» кафедрасының аға оқытушысы А.Көбесова, Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Т.Әубәкіров атындағы №43 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Т.Алибекова, Шымкент қаласы Н.Төреқұлов атындағы №62 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Б.Ералиев, Жамбыл облысы Меркі ауданы А.Асқаров атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Ж.Сахова қатысты.
Сонымен қатар, Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері П.Жұмабекова Асанбай Асқаровтың 100 жылдығына орай әзірленген көрмемен таныстырып, педагогтерге Асанбай Асқарұлымен байланысты жәдігерлермен таныстырды.
Республикалық дөңгелек үстел барысында педагогтерге А.Асқаровтың өмір жолы мен еліне сіңірген еңбегі, өлкеміздің дамуына қосқан үлесі, шығармалары, ғылыми еңбектері, өсиет сөздері туралы ақпарат берілді.
Іс-шараға барлығы 158 педагог қатысты.

                Физика пәні мұғалімдерінің облыстық олимпиадасы өтті
2022 жылдың 15 қараша күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті «Қазақстан математика пәні мұғалімдері қауымдастығы» РҚБ-мен бірлесе отырып, физика пәні мұғалімдерінің арасында облыстық олимпиада өткізді.
Педагогтардың кәсіби әлеуетін арттыру, озық тәжірибені анықтау мақсатында өткізілген облыстық физика пәні мұғалімдерінің олимпиадасына аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің білім мекемелері мен облысқа қарасты білім мекемелерінен 48 мұғалім қатысты.
Жалпы олимпиадалық есептерден жоғары, орта, төмен деңгейдегі 6 тапсырма берілді. Тапсырмаларда «Кинематика», «Динамика», «Термодинамика», «Оптика», «Электродинамика» бөлімдерінен стандартты, логикалық және физикалық заңдар мен эксперименттің сандық, сапалық мағыналарын нақтылайтын, математикалық амалдар мен түрлендірулерді орындау арқылы шығаратын есептер қамтылды.

            Өңірдің эксперименталдық алаңдарында тағайындаушы семинарлар өтті

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5 бабының 44-1) тармақшасына, «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 7 бабының 5,6,8 тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» Заңының 6 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 қаулысымен бекітілген «Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі кешенді жоспарын», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасына сәйкес тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету жүзеге асыру мақсатында облыстық білім басқармасының эксперттік топтың 17.08.2022 жылғы №1 шешіміне және білім беру ұйымдарының сұраныстарына сәйкес облыстың 12 білім беру мекемелерінде педагогикалық эксперименттік зерттеу жұмыстары 2022 жылдың қыркүйек айынан басталды.
Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу жұмыстары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №139 «Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы» ережесіне сәйкес іске асырылады.
Педагогикалық эксперименттерге әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясының, М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университетінің ғалымдары жетекшілік жасауда.
Қыркүйек-қазан айларында эксперименттік жұмыстардың тұжырымдамалары мен бағдарламалары даярланды. Ағымдағы жылдың 3-11 қараша күндері 12 эксперименталдық алаңдарында ғылыми жетекшілермен тағайындаушы семинарлар ұйымдастырылып, эксперименттердің тұжырымдамалары мен бағдарламалары талқылаудан өтті. Аталған семинарларға 1422 педагогтер қатысты.

                  ОБЛЫСТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
2022 жылдың 14 қараша күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті «Қазақстан математика пәні мұғалімдері қауымдастығы» РҚБ-мен бірлесіп, Тараз қаласы, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының базасында «Кәсіби бағдар беруші педагог лауазымының атқаратын қызметі» атты облыстық оқыту семинарын өткізді.
Іс-шараға кәсіби бағдар беру жұмыстарына жауапты әдіскерлер, мектеп директорларының орынбасарлары, кәсіптік бағдар беру педагогі қызметкерлері, барлығы 95 адам қатысты.
Облыстық оқыту семинары барысында қатысушылар кәсіптік бағдар жұмысына жауапты кадрлар әлеуетін арттыру, заманауи кәсіптік бағдар беру педагогінің жұмыс жоспары, кәсіптік бағдар беру педагогінің мектеп педагогімен ерекшелігі, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарына грантқа түсудің айырмашылығы, білім алушыларға кәсіби бағдар беруді және мамандық таңдауға бағдарлау, нәтижені талдау жұмыстарын сапалы жүргізу және сыныптан тыс іс-шараларда оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру бойынша пікір алмасып, білім беру ұйымдарында кәсіби бағдар беру жұмыстарын сапалы жүзеге асыру бойынша ақпараттық-әдістемелік, тәжірибелік көмектер берілді.

                         Облыстық «Парасатты көшбасшы» байқауы өтті

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының бірлесіп ұйымдастыруымен 2022 жылдың 11 қарашасында облыстық «Парасатты көшбасшы» байқауы өткізілді.
Байқауға Байзақ, Жуалы, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Сарысу, Талас, Шу аудандары мен Тараз қаласының, облыстық Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатының мектеп директорлары, барлығы 13 мектеп басшысы қатысты.
Байқауға облыс бойынша 57 мектеп басшысы қатысты, оның 13-і облыстық кезеңге өтті. Облыстық ІІ кезеңге қатысқан білім беру ұйымдарының басшылары қызметінің нәтижелігі мен парасаттылығын адами құндылықтарды насихаттау жұмыстары, парасатты көшбасшылық қатынастарды қалыптастыру және нығайту бағытындағы жұмыстары сарапқа салынды.
Облыстық «Парасатты көшбасшы» байқауының ІІ кезеңінің жеңімпаздары «Адалдық алаңы» ҚБ Жамбыл облысы бойынша филиалы мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының арнайы дипломдарымен, номинациялармен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Нәтижесінде:
1. Жамбыл ауданы, Айша бибі атындағы орта мектебінің директоры Б.Р.Шертаева – Бас жүлде;
2. Тараз қаласы, Төле би атындағы №8 гимназиясының директоры А.Азимбай – І орын;
3. Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің директоры И.А.Спаналиева; облыстық Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатының директоры Е.С.Жаксылыкова – ІІ орын;
4. Меркі ауданы, №16 орта мектебінің директоры Г.А.Муратова; Қордай ауданы, М.Жұмабаев атындағы №20 орта мектебінің директоры Н.М.Нуралиева; Шу ауданы, Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының директоры А.Т.Естаева – ІІІ орын;
5. «Қамқор басшы» номинациясы – Т.Рысқұлов ауданы,Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің директоры Е.Т.Кайпулдаев; «Жаңашыл басшы» номинациясы – Жуалы ауданы, Т.Тастандиев атындағы №11 орта мектебінің директоры Г.М.Жорабекова; «Шығармашыл басшы» номинациясы – Сарысу ауданы, М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының директоры К.Д.Сарсекова; «Талапты басшы» номинациясы – Мойынқұм ауданы, №1 орта мектебінің директоры Н.М.Пернебаев; Байзақ ауданы, №6 орта мектебінің директоры К.С.Укибаева.