Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру - Оқу-әдістемелік кабинет

Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру

ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті мен Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалының бірлескен жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 26 қаңтар күні «Lesson study» жобасы бойынша «Рефлексия - сабақты зерттеу әдісінің маңызды құраушысы» тақырыбында облыстық вебинар өткізді.
Іс-шараға білім беру ұйымдары директорларының ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасарлары мен пән мұғалімдері, барлығы 300 педагог қатысты.
Облыстық вебинар жұмысы барысында сабақты зерттеу әдістері, рефлексия және оның түрлері, мұғалімнің кәсіби дамуындағы рефлексияның рөлі, зерттеу сұрақтарын құрастыру, мұғалім зерттеуіндегі рефлексиялық жазба жазудың тиімді жолдары қарастырылып, вебинар қатысушылары өзара тәжірибе алмасты.

ӘДІСКЕРЛЕРМЕН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ


2023 жылдың 25 қаңтарында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті мен «Өрлеу» БАҰО АҚ «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалымен бірлесіп, әдіскерлерге арналған «Біліктілікті арттыру курстары арқылы заманауи мектеп педагогтерін дайындау жолдары» атты облыстық оқыту семинарын өткізді.
Оқыту семинарына облыстық оқу-әдістемелік кабинеті мен аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, барлығы 162 адам қатысты.
Іс-шара барысында «Өрлеу» БАҰО АҚ «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының мамандары білім беру процесінде цифрлық технологияларды және онлайн қызметтерді пайдалану жолдары, біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтердің қызметін курстан кейінгі қолдау, педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша 2023 жылы атқарылатын жұмыс жүйесі туралы ақпараттар беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Алдағы уақытта да педагогтерді кәсіби тұрғыдан қолдау бағытындағы бірлескен жұмыстар жалғасын таба бермек.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті ағымдағы жылдың 24 қаңтар күні «Жамбыл-«Өрлеу» Кәсіби даму институтымен бірге 2023 жылға жоспарланған тыңдаушылар контингентін қалыптастыру бойынша кездесті.
Кездесу барысында орта, мектепке дейінгі білім мекемелері педагогтерінің кәсіби біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Мемлекеттік аттестациядан өтетін мектептердің тарих пәнінің педагогтеріне облыстық вебинар өтті

2023 жылдың 25 қаңтар күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған «Тарих пәнін оқыту ерекшеліктері мен білім сапасын арттыру жолдары» тақырыбында Байзақ (М.Әуезов атындағы орта мектебі, Көктал орта мектебі, Н.Гоголь атындағы орта мектебі), Жамбыл (Б.Тайшапұлы атындағы орта мектебі, Ә.Тарази атындағы тірек мектебі), Қордай (№13 орта мектебі, Бұлар батыр атындағы №19 орта мектебі, №22 орта мектебі, М.Әуезов атындағы орта мектебі, І.Жансүгіров атындағы орта мектебі, Ж.Жабаев атындағы №26 орта мектебі, Р.Қунақова атындағы №35 орта мектебі), Меркі (№16 орта мектебі, М.Мәметова атындағы №13 орта мектебі, №34 орта мектебі, №44 орта мектебі), Т.Рысқұлов (№3 орта мектебі), Сарысу (Д.Сенбин атындағы орта мектебі), Талас (М.Жұмабаев атындағы орта мектебі), Шу (№40 мектеп-лицей, Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы, М.Ғабдуллин атындағы орта мектебі, С.Сейфуллин атындағы орта мектебі, Т.Әшімбаев атындағы орта мектебі, А.Макаренко атындағы орта мектебі) аудандарының, Тараз қаласының (№6 орта мектебі, №13 орта мектебі, №23 орта мектебі, М.Маметова атындағы №27 орта мектебі, Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясы, А.Гайдар атындағы №35 орта мектебі, №46 орта мектебі, Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебі, №57 орта мектебі) 34 мектебіне облыстық вебинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету.
Вебинар барысында педагогтерге тарих пәнін оқытудың ерекшеліктері, әдістемелік бірлестік жұмысы, тәлімгерлік, жас мамандармен жұмыс жүргізу бағыттары, ҰБТ-ге дайындық, бағалау қағидаттары, бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және оларға қойылатын талаптар, БЖБ, ТЖБ тапсырмалары бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 9 әдіскер, 78 тарих пәнінің мұғалімі, барлығы 87 педагог қатысты.

«СабақTime» жобасы аясында «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндерін оқытудың тиімді жолдары» атты облыстық ашық сабақтар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 23 қаңтар күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің шебер педагогтері Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының сыныптарында ашық сабақтар өткізді.
Іс-шараның теориялық бөлімінде «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндерін оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын айқындау мәселелері талқыланды. Заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологиялар, білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі, оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары сөз етілді.
Іс-шара барысында педагогтер ашық сабақ үлгілерін көрсетіп, оқыту үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары бойынша тәжірибе алмасты.
Білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды тиімді пайдалану жолдарын таныстырып, пән мұғалімдеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.
Облыстық ашық сабақтарға 57 педагог қатысты.