КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 10 ақпан күні білім беру ұйымдарының кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру, жауапты әдіскерлер мен мамандарға әдістемелік қолдау көрсету және кәсіби шеберлігін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында «Білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарға білім бөлімдерінің кәсіптік бағдар жұмысына жауапты әдіскерлері мен мектептердегі осы жұмысты үйлестіруші қызметкерлер, барлығы 100 педагог қатысты.
Іс-шара барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының аға оқытушылары З.У.Смаилова, Ж.С.Көшербаева және М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Ақпараттық технологиялар» факультетінің кәсіптік бағдар беру жұмыстарына жауапты маман А.С.Абильдаева Қазақстанның жаңа кәсіптер атласымен, еңбек нарығының сұранысына сай мамандықтар, трансформацияланатын кәсіптер, кәсіби бағдар беруде арнайы курстардың рөлі, кеңес беру, тұлғалық сипаттау тестінен өту, мамандық таңдауда бағыт-бағдар бере отырып, өз тәжірибелерімен бөлісті.