«Оқу-тәрбие үрдісінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялаудың тиімді жолдары» тақырыбында семинар-практикум өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдеріне арналған «Оқу-тәрбие үрдісінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялаудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Іс-шараның мақсаты – білім мекемелерінде «Өзін-өзі тану» пәнін интеграциялаудың тиімді жолдарымен таныстыру. Семинар-практикум барысында педагогтар ашық сабақтар мен шеберлік сыныптар көрсетіп, іс-тәжірибе алмасты.
Аталған іс-шараға барлығы 32 педагог қатысты.