Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту

Облыстық «Тіл-ұлттың жан тынысы, рухани үні, асыл қазынасы» атты шығармалар байқауы өтті

2019 жылдың 5 ақпанында оқушылардың ана тілін меңгеру дағдыларын жетілдіру, шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында «Тіл-ұлттың жан тынысы, рухани үні, асыл қазынасы» атты  облыстық  шығармалар байқауы өтті.

Аталған іс-шараға жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарының 8-10 сыныптың 63 оқушысы қатысты.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында химия пәнінің мұғалімдеріне шеберлік сынып өтті

2019 жылдың 6 ақпанында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің zhambul_obl_metod бөлмесінде «Robotics: platform arduino /Робототехника: Ардуино платформасы/» тақырыбында шеберлік сынып өтті. Іс-шара барысында информатика пәні мұғалімдері үшін Ардуино бағдарламалауының негіздері, платформа микроконтроллерінің түрлері, терминологиясына байланысты мәліметтер беріліп, тәжірибелік маңызы туралы ойлар ортаға салынды.

Аталған іс-шараға облыстың   203  педагогі қамтылды.

Облыстық ашық есік күні өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 6 ақпанында Тараз қаласы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының базасында ОЖСБ-ға жауапты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Оқушылардың жетістіктерін сырттай бақылауға (ОЖСБ) дайындық деңгейін жетілдіру жолдары» атты  облыстық ашық есік күні өтті.

Ашық есік күніне аудандар мен Тараз қаласынан ОЖСБ-ға жауапты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, барлығы 71 адам қатысты.

          Іс-шара барысында қатысушылар білім мекемесінің оқыту тәжірибесімен бөлісіп, ОЖСБ-ға дайындықты жоспарлау ерекшеліктері мен ұйымдастыру, сол арқылы ОЖСБ барысында білім сапасын арттырудың тиімді жолдары туралы пікір алысып, өзара тәжірибе алмасты.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында химия пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде дәріс өтті

2019 жылдың 5 қаңтарында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің zhambul_obl_metod бөлмесінде «Chemical bonds /Химиялық байланыстар/» тақырыбында химия пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде дәріс өткізілді. Іс-шара барысында химия пәннің ағылшын тілінде жүргізілуі, химиялық байланыстарды өмірмен байланыстыру, инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану туралы тұжырымды пікірлер ортаға салынды.

Аталған іс-шараға облыстың  199 педагогі қамтылды.

Оқыту семинары өтті

          2019 жылдың 31 қаңтарында 2018-2019 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін трансляциялаудың іс-шаралар жоспарына сәйкес Тараз қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында мектеп басшылары мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында көшбасшылық пен менеджмент» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Оқыту семинарына мектеп директорлары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, барлығы 30 адам қатысты.