«Білім беру мазмұнын жаңарту жолындағы сынақ: үдеріс пен нәтиже» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті «Педагогикалық шеберлік орталығы» Тараз қаласындағы филиалымен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 28 наурыз күні білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде эксперимент жүргізіп отырған Т.Рысқұлов ауданы №1 мектеп-лицейінің 4-сыныптарына (пилоттық сыныптар) сабақ беретін мұғалімдердің іс-тәжірибесіне арналған Т.Рысқұлов ауданы, №1 мектеп-лицейінің базасында «Білім беру мазмұнын жаңарту жолындағы сынақ: үдеріс пен нәтиже» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өткізді.
Аталған іс-шараға педагог қатысты.
Іс-шара барысында бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың өзіндік іс-әрекет мүмкіндіктерін кеңейте отырып, танымдық дағдыларын қалыптастыру, пәндерді оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдері мен заманауи білім беру ресурстарын тиімді қолдану жолдары бойынша тәжірибе алмасып, электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.
Аталған іс-шараға 61 мұғалім қатысты.