Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту

«Қысқы мектеп» жобасы аясында информатика пәнінің мұғалімдеріне дәріс өтті

2019 жылдың 20 ақпанында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің zhambul_obl_metod бөлмесінде «Информатика пәнін ағылшын тілінде оқытудағы терминологиямен жұмыс» тақырыбында дәріс өтті. Іс-шара барысында информатика пәні мұғалімдері үшін информатика пәнін ағылшын тілінде оқытудың терминологиясына байланысты мәліметтер беріліп, тәжірибелік маңызы бар ойлар ортаға салынды.

Аталған іс-шараға облыстың  151  педагогі қамтылды.

«Методика обучения младших школьников буквам и звукам английского алфавита» тақырыбында әдістемелік семинар-тренинг өтті

2019 жылы 19 ақпанда Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті InterPress әдістемелік кеңес беру орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған мектепке дейінгі мекеме және мектепалды даярлық тобының ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Методика обучения младших школьников буквам и звукам английского алфавита» тақырыбында семинар- тренинг өткізілді. 

Іс-шараны  Oxford University Press баспасының халықаралық оқытушысы Пол Вудфолл жүргізді. Семинар-тренинг барысында оқу қызметін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері, кіріктіріліп оқытудың тиімді тәжірибелері бойынша тұжырымды пікірлер ортаға салынып, педагогтарға әдістемелік көмек көрсетілді.

Аталған іс-шараға Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандары мен Тараз қаласынан 107 педагог қамтылды.

«Жасөспірімдерге қосымша білім берудің заманауи әдістерін қалыптастыру жолдары» тақырыбындағы облыстық әдістемелік семинар өтті

           2019 жылдың 19 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің базасында білім беру ұйымдарындағы құқықтық тәрбие бойынша   тәрбие жұмыстарын жетілдірудің тиімді жолдарын қарастыру, әдістемелік тәжірибелік көмек көрсету мақсатында «Жасөспірімдерге қосымша білім берудің заманауи әдістерін қалыптастыру жолдары» тақырыбында білім беру ұйымдарындағы мектеп директорының құқықтық  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған облыстық әдістемелік семинар өтті.

Семинар барысында қатысушылар жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмаудың алдын алу жөнінде мәселелерді талдап, қосымша білім беру арқылы оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың тиімді әдістері бойынша тәжірибемен алмасты.

Аталған іс-шараға барлық аудандардан және білім басқармасына қарасты мекемелерден 47 директордың құқықтық тәрбие  ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

«Мектеп кітапхана жұмысын инновациялық бағытта ұйымдастыру жолдары» тақырыбында онлайн режимінде семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  «Zhambul_obl_metod» бөлмесінде 2019 жылдың 20 ақпан күні жалпы орта білім беретін мектептердің   кітапхана    қызметкерлеріне   арналған   «Мектеп кітапхана жұмысын инновациялық бағытта ұйымдастыру жолдары»   тақырыбында онлайн режимінде  облыстық семинар өтті. Семинар барысында жалпы орта білім беретін мектептердің кітапхана жұмысын инновациялық бағытта ұйымдастыруды жетілдірудің негізгі аспектілері талқыланып,   электронды таратпалы материалдар ұсынылды.

Аталған іс-шараға 281 педагог қызметкерлер қатысты.

Жуалы ауданында әдістемелік десант өтті

Облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен тәрбие мен оқыту сапасының деңгейін арттыру мақсатында 2019 жылдың 20 ақпан күні Жуалы ауданындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің, «Аягүл» бөбекжай-бақшасының базаларында «Білім берудегі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың негізі» атты облыстық әдістемелік десант өтті.

Әдістемелік десантқа мектеп директорлары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, директордың құқық, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері (мектепке дейінгі ұйым педагогтары, мектепалды даярлық, бастауыш сынып, қазақ тілі, орыс тілі, математика, физика, химия, биология, тарих, география, информатика, көркем еңбек, музыка, өзін-өзі тану, психолог, әлеуметтік педагог), барлығы 543 педагог қатысты.

Секция жұмыстарында білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары мен коучингтер, панорамалық сабақтар, психологиялық тренингтер өткізіліп, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.