Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен жиынтық бағалау тапсырмаларының құрылымы мен шектеу шаралары жағдайында оқыту кезеңіндегі қалыптастырушы бағалауды қолдану критерийлерін меңгерту мақсатында 2020 жылдың 25 желтоқсан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру ерекшеліктері» тақырыбында онлайн вебинар өтті.
Онлайн семинарға 283 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.
Іс-шара барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен бөлім және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынды.