БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

«Тәуелсіздік құндылықтары: өткенге тағзым, болашаққа аманат»   тақырыбында  облыстық ғылыми - тәжірибелік  конференция өтті

2020  жылдың 11 желтоқсан  күні  «16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік  күні» мемлекеттік мерекесіне арналған  «Тәуелсіздік құндылықтары: өткенге тағзым, болашаққа аманат» тақырыбында  облыстық ғылыми - тәжірибелік  конференция  zoom платформасында  өткізілді.

Конференция жұмысына ЖОО-ның ғалымдары, білім беру ұйымдарының басшылары, директордың  орынбасарлары  мен пән мұғалімдері, барлығы  200 - ге жуық педагог қатысты.

         Конференция келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылды:

 І секция «Ұлттық жаңғыру - туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі»;

          ІІ секция «Тәуелсіздік – қазақ халқының қайсар рухының жемісі».      

Іс-шара барысында М.Х.Дулати атындағы  Тараз  өңірлік  университетінің «Қазақстан тарихы»  кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к.,  доцент Е.Қ.Серікбаевтың  «Тәуелсіздік күні – Ұлы дала елінің ұлықтаған мерекесі», Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің PhD  докторы,  криминалистика докторы, доцент Т.Б.Сәткейдің  «Тәуелсіздік  - тәтті ұғым,  қастерлі сөз», Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ -ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының  директоры Ж.С.Саттардың «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ»,   Меркі ауданы, И.Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп-гимназияның орыс тілі пәнінің мұғалімі, «Үздік педагог-2020» байқауының  Н.Ү.Қаймалақованың «Тәуелсіздік жылдарындағы білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңашылдықтар», Тараз қаласы, А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы  гимназияның педагог-психологі,  «Жылдың үздік психологі - 2020» ІX республикалық  байқауының  жеңімпазы  Е.В.Хлeсткинаның  «Деятельность психологической  службы в  организациях образования Республики  Казахстан» және т.б  тақырыптарындағы  баяндамалар  тыңдалды.

Сондай-ақ, пән мұғалімдері мен тәрбие саласына жауапты мамандардың ғылыми ізденіс жұмыстарында еліміздің игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту жолдары, білім беру жүйесіндегі тың өзгерістер мен жаңалықтар және егеменді ел ұрпағын тәрбиелеу мәселелері  жан-жақты сараланып, таныстырылды.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында биология пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде семинар өтті

              2020 жылдың  9 желтоқсан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында   дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты мен облыстық үштілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің тәжірибелі мұғалімдері «Қашықтан оқытуда қалыптастырушы бағалау үшін Google кестесін қолдану», «Биология сабағында ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру» тақырыптарында биология пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде семинар өтті.

Аталған іс-шараға облыстың 211 педагогі қатысты.

«Күзгі мектеп» жобасы аясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сыныптары өтті

2019 жылдың 9 қазанында zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық Үштілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің озық тәжірибелі мұғалімдері «Развитие навыков граммотности чтения на уроках русского языка и литературы», «Развитие функциональной грамотности на уроках русского языка в условиях обновленного содержания образования» тақырыптарында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныптарын өткізді. Аталған іс-шараға облыстың 493 педагогі қамтылды.

«Google Classroom – платформа асинхронного дистанционного обучения»  тақырыбында вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалымен бірлесе отырып, 2020-2021 оқу  жылына  арналған  жаңартылған орта білім мазмұнын енгізу жағдайында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  іс-тәжірибесін орта білім беру ұйымдарына трансляциялау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ағымдағы жылдың   10 желтоқсан күні орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған «Google Classroom – платформа асинхронного дистанционного обучения»  тақырыбында онлайн режимінде вебинар өтті.

Zoom  платформасы арқылы өткен вебинарға   122 педагог қатысты.

Іс-шара барысында вебинар қатысушылары Google Classroom платформасы арқылы қашықтан оқыту барысында офлайн режимінде оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері, тапсырмаларды  құрастыру мен оқушыларға кері байланыс беру жолдары бойынша тәжірибе алмасты.

8-11 сынып оқушылары арасында «Парасатты болашақ» атты аудандық эссе жазу байқауы өтті

2019 жылдың 27 қыркүйегінде білім алушылардың бойында парасаттылық пен  академиялық тазалық принциптерін қалыптастыру, адамгершілік-этикалық құндылықарды бойына сіңіру мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында «Парасатты болашақ» атты эссе жазу байқауының мектепішілік, аудандық кезеңдері өткізілді. Барлығы 2932 оқушы қатысты.