БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

«Бауыржан Момышұлы және қазақ ұлтының рухани мұрасы» тақырыбында   облыстық вебинар өтті

22 желтоқсан  күні  Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен   аудандар мен Тараз қалалық  білім бөлімдерінің әдіскерлері мен жалпы орта білім беретін мектептің кітапхана қызметкерлеріне арналған «Бауыржан Момышұлы және қазақ ұлтының рухани мұрасы»    тақырыбында    вебинар  өтті.

 Іс шараның мақсаты - Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өнегелі мұрасын насихаттау.

          Аталған іс-шараға аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен 193 білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлері қатысты. 

«Қысқы мектеп» жобасы аясында география  пәнінің  мұғалімдеріне онлайн семинар өтті

    2020 жылдың  23 желтоқсан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында облыстық  дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының география  пәні  мұғалімі Суанбеков Нурлан Үсеналыұлы               «Қашықтықтан оқытудағы жаңа ақпараттық-сандық технологиялар»  тақырыбында география пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн семинар өтті.

Іс-шара барысында  қашықтықтан оқыту жағдайында география сабағында  ақпараттық-сандық технологияларды пайдалану арқылы оқыту мен бағалау тапсырмаларын  ұйымдастырудың тиімді  әдіс -тәсілдерін көрсетті.

Аталған іс-шараға облыстың 156 география пәнінің мұғалімдері  қатысты.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында химия пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде семинар өтті

           2020 жылдың  21 желтоқсан  күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  ZOOM платформасында  облыстық дарынды балаларға  арналған  мамандырылған  «Дарын» мектеп-интернаты мен облыстық үш тілде оқытатын дарынды  балаларға арналған мамандандырылған  мектептің  тәжірибелі мұғалімдері             «Қашықтықтан оқыту жағдайында химия пәнінен олимпиада  есептерін шығарудың  тиімді жолдары», «Химиялық  тепе-теңдікке әсер ететін факторлар. Ле-Шателье-Браун принципі» тақырыптарында химия пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде семинар өтті.

Аталған іс-шараға облыстың 115 химия пәні мұғалімдері қатысты.

«География сабағында кері байланысты алудың  тиімді жолдары» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған  онлайн режимінде облыстық  шеберлік сынып өтті                              

      Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 22 желтоқсан күні «География сабағында кері байланысты алудың  тиімді жолдары» тақырыбында  облыстық география пәні мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде облыстық  шеберлік  сыныбы  өтті.

       География  сабағында   жүргізілетін  кері  байланыс түрлері  мен  кері байланыс алудың  тәсілдерін,  кері байланыстың  тиімділігі арқылы оқыту мен оқу сапасын жақсарту жолдары  көрсетіліп,  ақпараттық -  әдістемелік  көмек  көрсетілді.

       Аталған іс-шараға  барлығы  205  педагог қатысты.

«Халық қаҺарманы Бауыржан Момышұлы: ұмытылмас ерлігі мен тағылымдық мұрасы» тақырыбында облыстық конференция өтті

2020 жылдың  21 желтоқсан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Кеңес Одағының батыры, Халық қаҺарманы Б.Момышұлының 110 жылдығына орай тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған «Халық қаҺарманы Бауыржан Момышұлы: ұмытылмас ерлігі мен тағылымдық мұрасы» тақырыбында облыстық конференция өтті.

Іс-шараның мақсаты – Кеңес Одағының батыры, Халық қаҺарманы Б.Момышұлының өмір жолын, ерлігін, еңбектерін, тарихи мұрасын насихаттау.

Іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Филология және журналистика» кафедрасының доценті, ф.ғ.к., «Бауыржантану»  ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Т.Мұқашев, «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Н.Мырзаханова, Жуалы ауданы Б.Момышұлы атындағы музейдің экскурсия жетекшісі Ұ.Исмаилова қатысты.

Облыстық конференция барысында педагогтарға Бауыржан Момышұлының өмір жолы, тарихи мұрасы, әдеби шығармалары, даңқты батыр, қолбасшының Ұлы Жеңіске қосқан үлесі, соғыс кезіндегі әскери тактикасы, қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы еңбектері, өсиет сөздері туралы ақпарат беріліп, дидактикалық материалдар таратылды.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 11 әдіскер,              189 тарих пәнінің мұғалімі, барлығы 200 педагог қатысты.