БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

«Разработка заданий, обеспечивающих достижение целей обучения на уроках русского языка и литературы» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 26 қыркүйек күні «Мақсатты мектептер» жобасы аясында аудандар мен Тараз қаласының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, оларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Разработка заданий, обеспечивающих достижение целей обучения на уроках русского языка и литературы» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтіп, оқу мақсаттарына жету үшін тапсырмаларды құрастыру жолдары туралы іс-тәжірибелер, тиімді әдістерді пайдалану бойынша ақпарат ұсынылып, дидактикалық материалдар таратылды. Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің және «Мақсатты мектептер» жобасына енген мектептердің пән мұғалімдері, барлығы 170 педагог қатысты.

   

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ БАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 24 қыркүйек күні «Заманауи мектепке дейінгі ұйымдардағы менеджмент жүйесі» мектепке дейінгі ұйым басшыларына арналған семинар жүргізілді. Семинар барысында педагогикалық жүйені нәтижелі басқару ерекшеліктері туралы Тараз қаласы №33 «Айсәуле» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Н.Мамбетова, №35 «Ертөстік» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Г.Тубаева, Меркі ауданы «Балдырған» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Г.Байұзақова өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шара соңында мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін білім беру ұйымдарында консультациялық пункттер жұмысын ұйымдастыру, бастауыш сынып мұғалімі жеке оқыту траекториясын анықтау үшін мектепалды топтары мен сыныптары балаларының Жеке даму картасын толтыру, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының іске асырылу жолдары бойынша ұсынымдар берілді. Іс-шараға 100 мектепке дейінгі ұйым басшылары қатысты.

   

Облыс педагогтері «Европа - Азия» атты республикалық туристік фестивалінде жеңімпаз атанды. 

2023 жылдың 17-21 қыркүйек күндері Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында «Европа-Азия» Республикалық туристік фестивалі өтті. Фестивальдің мақсаты - педагогтердің туристік және кәсіби шеберліктерін шыңдау, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, білім қызметкерлері арасында туристік-өлкетану қызметі бойынша озық тәжірибені айқындау және насихаттау. Аталған іс-шараға облыстан 6 педагогтен құралған 1 команда қатысты. «Футбол» спорттық ойыны, «Тоғызқұмалақ» ойыны (әйелдер арасында), «Түнгі бағдарлау» қашықтығы, «Шахмат» спорттық ойыны, «Қалашық» спорттық ойыны. Республикалық фестивальде Жамбыл облысы педагогтерінің командасы «Футбол» спорттық ойыны бойынша I орынды, «Тоғызқұмалақ» ойыны бойынша I орынды, «Түнгі бағдарлау» қашықтығынан тобы II орынды, «Шахмат» спорттық ойыны бойынша III орынды, «Қалашық» спорттық ойынында Жамбыл облысы командасы II орын иеленді. Педагогтерді жеңістерімен құттықтаймыз!

         

«Тарих сабақтарында күрделі оқу мақсаттары бойынша тапсырмалар құрастыру ерекшеліктері мен түрлері» тақырыбында облыстық семинар өтті

2024 жылдың 25 қыркүйек күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мақсатты мектептер» жобасы аясында тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Тарих сабақтарында күрделі оқу мақсаттары бойынша тапсырмалар құрастыру ерекшеліктері мен түрлері» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар барысында педагогтерге сабақты жоспарлау, дайындау кезеңдері, І тоқсандағы Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері пәндерінің оқу бағдарламасында кездесетін күрделі оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмалар құрастыру жолдары және оларға қойылатын талаптар, тиімді әдістерді пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, материалдар таратылды. Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, тарих пәнінің және «Мақсатты мектептер» жобасына енген мектептердің пән мұғалімдері, барлығы 194 педагог қатысты.

   

Облыстық вебинар өтті 

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 12 қыркүйек күні Мерке, Т.Рысқұлов, Қордай аудандарының жалпы білім беретін мектептеріндегі арнайы мамандар мен инклюзивті білім беретін педагогтерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастыру» тақырыбында облыстық вебинар өтті. 2024-2025 оқу жылындағы ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың оқу-тәрбие процесін реттейтін нормативтік құжаттар (ондағы өзгерістер мен толықтырулар), жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастыру, білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қызметті қолдау, ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды ағымдағы бағалау, мектепте инклюзивті мәдениетті қалыптастыру, арнайы білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері (оқыту және тәрбиелеу, оқу жоспары мен бағдарламаларын іске асыру) туралы әдістемелік ұсынымдар берілді. Іс-шараға 463 педагог қатысты.