БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

«Биология сабағында оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

2024 жылдың 16 мамыр күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен биология пәнінің мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Биология сабағында оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Семинар-практикум барысында биология пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану, функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмалардың шешу жолдары көрсетілді. Қажетті дидактикалық материалдарға сілтемелер таратылды.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, биология пәнінің мұғалімдері, барлығы 98 педагог қатысты.

«Химия сабағында оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамыту бағытындағы тапсырмаларының ерекшеліктері»  тақырыбында облыстық                   оқыту семинары өтті

   2024 жылдың 17 мамыр күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен химия пәнінің мұғалімдерінің  кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Химия сабағында оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамыту бағытындағы тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті.

      Оқыту семинары барысында педагогтерге  PISA – 2025 халықаралық негізгі зерттеуінің жаратылыстану ғылымдарының тұжырымдамасымен таныстырылып, тапсырмалардың ерекшеліктері мен шешу жолдары көрсетілді. Қажетті дидактикалық материалдараға сілтемелер таратылды. 

     Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері,  химия пәнінің мұғалімдері, барлығы 98 педагог қатысты.  

«9,11 сыныптарда пәндер бойынша қорытыңды аттестаттауды ұйымдастыру, өткізу және бағалау ерекшеліктері» атты ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне облыстық оқыту семинары өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 14 мамыр күні аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне 9,11-сыныптардағы қорытынды аттестаттаудың талаптарын меңгерту мақсатында «9,11 сыныптарда пәндер бойынша қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру, өткізу және бағалау ерекшеліктері» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті.
Іс-шара барысында «Ағылшын тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасының көлемін білім алушылардың меңгеру деңгейі негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына тоқталып, емтихан жұмысының сипаттамасы, балдар мен бағаларды қою үдерісі туралы мағлұматтар берілді. Емтихан барысында келетін тапсырмалармен жұмыс түрлеріне тоқталып өтті.
Облыстық оқыту семинарына аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 102 ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері қатысты.

«Тарих пәнін оқытуда білім алушылардың оқу сауаттылығын дамытудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті

2024 жылдың 16 мамыр күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Cамғау» жобасы аясында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында жас мамандар мен тәлімгерлерге арналған «Тарих пәнін оқытуда білім алушылардың оқу сауаттылығын дамытудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинар барысында жас мамандар мен тәлімгерлерге Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері пәндерінен білім алушылардың оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды әзірлеу ерекшеліктері мен түрлері,  мәнмәтіндік тапсырмалар, толық және толық емес мәнмәтіндер, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған жағдаяттық тапсырмалар бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, материалдар таратылды.

Іс-шараға тарих пәнінің және «1000 мектеп» жобасына енген мектептердің пән мұғалімдері, барлығы 114 педагог қатысты.

«9, 11-сыныптарда пәндер бойынша қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру, өткізу және бағалау ерекшеліктері» атты информатика пәнінің мұғалімдеріне облыстық оқыту семинары өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 14 мамыр күні «9,11 сыныптардың қорытынды аттестаттауын бағалау, ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында информатика пәні әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған оқыту семинары өтті.

Іс-шара барысында 9, 11 сыныптарға сабақ беретін педагогтерге информатика пәні бойынша қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру, өткізу және бағалау ерекшеліктері, спецификация, емтихан жұмыстарының сипаттамасы, балл қою кестесі, тапсырма үлгілері бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің информатика пәні әдіскерлері  мен мұғалімдері, барлығы 100 педагог қатысты.